astana-view

Аппетит на долла

2015 жылғы 22 Желтоқсан
9322 просмотров

Теңге құлдырауын жалғастыруда, алайда, Ұлттық банк берген деректер бойынша, банктер Қазақстандық қор биржасында америкалық валютаны сатып алуды азайтқан

Қараша айында Қазақстандық қор биржасында (KASE) 2015 жылғы қазан айымен салыстырғанда KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 49,1% төмендеп, 3,2 млрд АҚШ долларын құраған. Ал биржадан тыс валюта нарығында үстіміздегі жылдың қараша айында KZT/USD валюта жұбы бойынша операциялар көлемі 8,8%-ға 0,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеген, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Жалпы, ішкі валюта нарығында KZT/USD валюта жұбы бойынша жасалған операциялар көлемі 2015 жылғы қазан айымен салыстырғанда 46,0% төмендеп, 3,7 млрд АҚШ долларын құраған», - делінген екен ақпаратта.

Қаржылық реттеуші сонымен қатар 2015 жылғы қараша айының соңында банктердің экономиканы кредиттеу көлемдері жайлы ақпарат ұсынды. Ол 12 368,6 млрд теңгені құрап отыр, бұл қазан айындағы көрсеткіштерден 3,4%-ға көп. Ал ұлттық валютада теңгемен берілген кредиттің ұлттық валютадағы  сомасы 8 485,4 млрд теңгені құраса, шетел валютасында - 3 883,2 млрд теңге. Ұлттық банк деректері бойынша, Қазақстанның заңды тұлғалары қараша айының соңында 8 180 млрд теңге кредит алса, жеке тұлғалар - 4 188,6 млрд теңге. Шағын бизнеске 1,9 млрд теңге беріліп, бұл Ұлттық банктің кредиттеу көрсеткіштерінің 3% өскені жайлы баяндауына себеп болды. Кредиттердің басым бөлігі сауда, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік сияқты салаларға келеді (4,5%).

Жеке және заңды тұлғалардың депозитте сақтау үшін валюта таңдауындағы артықшылық беретін валютасы күтілгендей болды. Ұлттық банкте аталғандай, 2015 жылғы қараша айында ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір ай ішінде 1,5%-ға 5 044,3 млрд теңгеге дейін ұлғайса, шетелдік валютада 8,8%, екі сараланым үшін де 10 449,9 млрд теңгеге өскен.

Қазірде қазақстандықтар салымдарында 15 494,2 млрд теңге сақтап отыр, заңды тұлғалардың депозиттері бір ай ішінде  5,7%, 9 244,0 млрд теңгеге өскен. Бұл қатардағы азаматтардың депозиттік динамикасынан сәл артта жатыр (7,2% немесе 6 250,2 млрд теңге).

Бүгін KASE таңғы сессиясында теңгенің біршама бекіп, доллардың орташа өлшенген бағамы 336,66 теңгені құрап отыр. KASE деректері бойынша, АҚШ доллары бойынша сауда көлемі 146 млн. 750 мың долларды құраған. 22 желтоқсанда Ұлттық банк белгілеген теңгенің долларға шаққандағы бағамы  349,12 теңгеге тең.

Тақырыпқа орай

Бір ай шамасы бұрын Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің ұлттық банкке шаққандағы бағамының кенет өзгеруінен пайда көргісі келген талпыныстардың қолайсыздыққа ұшырататынын атаған болатын. «Оның үстіне ағымдағы жағдайда айырбас операцияларынан алыпсатарлық пайда алудың өзі күмәнді. Ұтылып қалуға да болады. Табыстылық тұрғысынан, теңге құралдарының тартымдылығы қазірде шетелдік валютада ақша ұстағанға қарағанда тартымдырақ», - деген еді сонда Данияр Ақышев. Қазақстанда белсенді түрде талқыланып жүрген доллардан бас тарту туралы айта келіп, Ұлттық банк төрағасы «процестің тұрғындар есебінен жүргізілмеуге тиіс» екенін атаған еді.

«Халқымыз ақшаны теңгемен сақтасын десек, дұрыс әрі, ең алдымен, экономикалық түрткі беруіміз қажет. Аталмыш жағдайда әкімшілік тетіктер де қосымша талқылауды және қажет болған жағайда түзетуді талап етеді», - деген еді Данияр Ақышев қараша айында.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер