astana-view

Бәрінен қиыны шенеуніктер тосқауылынан шығу

2015 жылғы 23 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
16678 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шенеуніктер әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініштері қаралды

Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің жер заңнамасын ғана емес, азаматтардың жеке меншігін қорғауға деген конституциялық құқықтарын да бұза отырып жасаған кедергілері жайлы сөз болды.

Сарапшылар Палата анықтаған жергілікті атқару органдары жасайтын әкімшілік кедергілер жайлы жеткізді.

«Кеңестің бір жыл ішінде өткен 10 отырысында кәсіпкелердің 33 өтініші қаралып, оның ішінде 23 кәсіпкерлер пайдасына шешілді, әрі олардың барлығы дерлік жер қатынастары мәселелеріне байланысты», - деді ОҚО КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Молдияр Оразалиев.

Кәсіпкер Перизат Аманбаеваның өтініші – жер бөліміндегі қызметкерлер кінәсінен зардап шеккен шымкенттіктердің басындағы мың оқианың біреуі. Жер телімдеріне бірден бірнеше қожайын тауып беретін де солар. Бір айта кететіні, жер даулары – Оңтүстік Қазақстанның облыс орталығындағы ең көп таралған құбылыстардың бірі. Онда тексергенде анықталған бірнеше иесі бар жеке үй-жайлар мен телімдер аз емес. Бірақ кәсіпкердің шындық жолында басынан өткен әуре-сарсаңы жайлы әңгімесі Кеңес мүшелерін таңқалдырды. Жер телімінің еріксіз тұтқындарының бірі о дүниеге аттанып кетсе, жердің екінші қожайыны бірнеше жыл бойы бір ұйымнан екіншісіне сырғыта берген түрлі инстанцияларды жағалап шыққан. Жер телімдеріндегі кемшілік ОҚО Сайрам ауданының жер қатынастары және жер-кадастрлық филиалы бөлімінің кінәсінен орын алған. Отырысқа қатысқан Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары телімнің екінші қожайынының мұрагерлерімен соттасқысы да келмейтін, керісінше жәрдем көрсетуге дайын кәсіпкерге көмектесетінін айтты.

Кеңес Палатаға Шымкентке Сайрам ауданының жерлерін қосу кезінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізуді, сондай-ақ өтініш бойынша материалдарды прокурорлық жауап қату шараларын қолдану үшін прокуратураға жолдауды ұсынды.

Жалпы, Кеңес төрағасы атап өткендей, аталмыш орган қызмет жасаған бір жыл ішінде мақсатын толық ақтап, қажет ұйым екенін дәлелдеп шықты. Отырыстарында көбіне жүйелік түйткілдер де (көптеген кәсіпкерлер қозғайтын), жүздеген миллион тұратын түйткілдер де, мүлдем шағын ғана бизнес қиындықтары да шешімін тауып отырды. Палатаға келіп түсетін әрбір кәсіпкердің өтініші, ол жеке кәсіпкер болсын, шаруа қожалығы не ірі корпорация болсын, мұқият зерттеледі. Заңгерлік шырмаулар да қаралады (мәселен, шымкенттің «Дельфин» аквапаркіне байланысты).

«Кеңестің бірегейлігі аталмыш алаңда кәсіпкерлер шенеуніктерге тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болып, оларға түйткілі бойынша нақты сұрақтар қоятындығында. Сонымен қатар, осының бәрі БАҚ-та кеңінен жария болады, сондықтан да Кеңесте мәселесі қаралатын кез-келген кәсіпкер түйткілінің шешілеріне сенімді бола алады. Кеңестің әрбір отырысы соңында қатысушылар қарар қабылдап, Палата оның негізінде қандай да бір кәсіпкерді қорғау үшін әрі жүйелік түйткілді шешу үшін сәйкес қадамдар жасайды», - деп атады Молдияр Оразалиев. Ол сонымен қатар бәрінен де шенеуніктер тосқауылынан шығудың қиын екенін баса көрсетті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, шенеуніктер көбінесе қарапайым азаматтардың қарсы келуіне қиын болатын билік тетіктерін қосып отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер