astana-view

Картоп өсірушілер сала мәселелерін қолға алды

2015 жылғы 23 Желтоқсан
14302 просмотров

Картоп елімізде тұтынудан екі есе көп өндіріледі, ал Қазақстан оны импорттауын жалғастыруда

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның жаңадан құрылған Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының отырысы өтті. Еліміздің түрлі өңірлерінен келген шаруа қожалықтарының өкілдері сала түйткілін шешу үшін бас қосты. «Паромоновское» ш/қ өкілі әрі одақ басшысы Қайрат Бисетаев баяндамасында қоғамдық ұйымның назары аударылуға тиіс негізгі мәселелерді белгілеп берді.

«Біріншісі – бұл суарумен жұмыс жасайтын картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер. Олардың еңбек өнімділігі жоғары. Бұл ҚР Президентінің көтеріп жүрген басты мәселесі. Картоп өсірудегі еңбек өнімділігі жалпы Қазақстанның өсімдік шаруашылығынан қарағанда аз дегенде 10 есе көп. Сонымен, өсімдік шаруашылығында бір жұмысшыға 3 мың доллардың өнімі өндірілсе, картоп өсірушілерде – аз дегенде 40 мың доллар. 80-90 мың доллардан шығатын шаруашылықтар да бар. Бүгінде шешім қабылдайтындар бізді айырып қарауға тиіс. Картоп өсірушілер, көкөніс өсірушілер – бұл ауыл шаруашылығының элитасы», - деп мәлімдеді ол.

Қайрат Бисетаевтың айтуынша одақ көтеруге тиіс маңызды түйткіл бұл картоптың Қазақстанға импортталуы. «Қытай, Пәкістан, Иран нарығымызға тұрақты экспорттаушылар болып табылады. Өткен жылы Ресеймен бағам айырмашылығы салдарынан, биыл ЕАЭО-ға Қырғызстанның кіруіне байланысты оңтүстіктен толығымен айрылып қалдық. Осыдан келіп баға, өткізу жөнінен салмақты құлдырау орын алып отыр», - деп атады ол.

«Білуімше, бүгінде осы тұсты қадағалайтын бірде-бір ұйым жоқ. Егер статистикалық деректерге сенер болсақ, картоп екі есе артығымен өндіріледі екен. 3,5 млн. тонна өндірсек, бізге қажеті 1,5 тонна картоп. Яғни қисыны келмейді: өзіміз өндіріп отырсақ та, нарығымыз импорттық картопқа ашық жатыр», - деп баса көрсетті одақ басшысы.

Қайрат Бисетаевтың ойынша, ауыл шаруашылығындағы кооперация туралы заң аясында сонымен қатар Қазақстанда картопты қайта өңдеу мәселесін де көтеруге болады. «Менің ойымша, бүгінде жинақталып, өндірушілер ретінде жай ғана акционерлер болып, негізгі үлес инвестор қолында болатын зауыт тұрғызу үшін, Үкіметке қандай да бір ұсыныс дайындай аламыз», - деп ұсыныс тастады ол.

Одақ басшысы көкөніс өсіруші әріптестерінің салалық бірлестіктер жұмысының тиімділігі жайлы күмәнін сейілтуге тырысты. «Түрлі қауымдастықтар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге қатысқандар жетіп жатыр әрі көбіне жағымсыз тәжірибеге куә болған. Қауымдастықтың ең басты түйткілі оның қатысушыларының әрдайым басқаларға сенім артуында. Бас қосамыз, біреуді сайлаймыз да, ол бірдеңені тындырады деген үмітпен тарқаймыз. Жылына бір рет жиналып, есеп тыңдаймыз. Бұл дұрыс емес. Егер қауымдастықтың барлық мүшелері белсенді ат салыспайтын болса, қолымыздан түк те келмейді», - деді ол.

«ҰКП бүгінде министрдің бірде-бір бұйрығы, Үкіметтің бірде-бір қаулысы, бірде-бір заңнамалық бастама Ұлттық палатамен келісусіз шығарылмайтындай мәртебеге ие. Заң жобасын дайындау сатысында жұмыс топтарына қатысатын әрі мүддемізді қорғайтын адамымызды жібере аламыз», - деп атады ол.

Отырысқа қатысушы картоп өсірушілер айына бір рет ауылшаруашылық вице-министрінің қатысуымен Ұлттық палата алаңында кездесіп тұруды ұсынды. «Мұны ұйымдастыру қиын емес. Бірақ жай ғана сынмен келе салуға болмайды. Сынай отырып, ұсыныс жасаңыздар», - деп жауап берді ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитеті Хатшылығының хатшысы Рүстем Құрманов.

«Мемлекеттік қолдау бойынша. 2016 жылдан бастап, шынымен де, бір гектарға субсидия берілмейді. Оның ішінде, картоп, көкөніс бойынша. Ақшаны қаржы құралдарына жіберуге шешім қабылданыпты. (…) Дей тұрғанмен картоп өндірушілер үшін қандай техника болатыны, қандай лимит берілетіні анық емес. Онда қандай техника субсидияланатынын, қандай аспалы жабдық келетінін, қанша пайыздың орны жабылатынын түсіну қажет. Мұндай ештеңе де жоқ, бәрін де жинақтап, Ауылшаруашылық министрлігіне ұсыну қажет. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттамамен ұсыныстарымызды министрлікке жіберейік», - деп жүгінді ол отырыс қатысушыларына.

Айтылды - орындалды. Кәсіпкерлер жай ғана отырып, талқылап қана қоймай, нақты ұсыныстар дайындады. Бұдан арғысы мемлекет қолында. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер