astana-view

«Еңбектеніп келеміз»

2016 жылғы 19 Қаңтар
11059 просмотров

Солтүстік Қазақстанның бизнесмендері Ресейдегі дәстүрлі нарықтарын қайтарып алды

2014 жылғы рубльдің күрт төмендеуі Солтүстік Қазақстан облысындағы компанияларды қапыда қалдырып қана қоймай, шекаралас жатқан Ресей өңірлері аумақтарындағы тауашаларды қайта қалпына келтіруге де көмектесті. Қазір көршілес РФ‑ға экспортқа бағдарланған СҚО бизнесі сауда‑саттықтағы болашағына сеніммен қарайды.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ерік Сұлтанов осындай баға берді. «Кәсіпкерлеріміз бұған дайын: бағаларды төмендеттік, сондықтан да еңбектенуді тоқтатпадық», - деп атады ол.

Ерік Сұлтанов өңірлік бизнестің ЕАЭО аясындағы мүмкіндіктеріне баға бере отырып, кейбір жайғасымдар бойынша Солтүстік Қазақстанның тіпті жоғары өрлегенін атады. Әкім берген деректер бойынша, сөз өңірге жапсар жатқан көршілес облыстар жайлы ғана емес, Челябі және Новосібір облыстары жайлы да болып отыр.

«Сіздерге бірқатар өнімдер бойынша, мысалы, сүт өндірісі бойынша 6,5 %‑ға, жұмыртқа өндіру бойынша 11% көтерілгенімізді айтқым келеді. Бұл бәсекеге қабілетті екенімізден хабар береді. Құрғақ таңғы ас өндіру бойынша ашылған зауыт жұмысын дөңгелетуде. «Аталмыш зауыттың келешегі бар. Әрі өнімнің кем дегенде 50%‑ын РФ аумағында сатады деп ойлаймын», - дейді Ерік Сұлтанов.

Әкім Солтүстік Қазақстанда күтіліп отырған басқа да экономикалық оқиғалар арасында бірнеше жыл тұрып қалған «Биохим» кәсіпорны қызметінің қайта қалпына келтірілуін атады. «Бес жыл бойы жұмыс жасамай тұрған «Биохим» өндірістік кешенін беру жөніндегі барлық қажет іс‑шаралар өткізілді. 450 адам жұмысынан айрылды. Келіскеніміздей, жақын арада «Самұрық-Қазына Инвест» оны инвестициялық комитет шешіміне шығарады», - деп түсіндірді әкім. Ол сонымен қатар «Биохимнің» қайта жүктелуінің 2016 жылғы желтоқсанға белгіленгенін айта кетті. Кәсіпорын ойдағыдай іске қосылған жағдайда қазақстандық мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындар биоэтанолын шығаратын болады. Әкім сонымен бірге «Биохим» компаниясының жоғары сапалы ілеспе өнімдермен де қамтамасыз ете бастайтынына сендірді.

СҚО басшылығы жергілікті инвесторлар қызметіне де оң баға беріп отыр.

«Бизнесмендеріміз өздері үшін ғана тиімді жаңа жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, экономиканың басқа салалары үшін де жағымды өндірістік сұраныс жасақтайтын кәсіпорындарды ашады», - деп атады әкім. Ол мысал ретінде ашылып отырған каркастық‑панельдік үй салудың құрастырмалы темір‑бетон элементтері өндірісін атады. Мұндай панельдерді пайдалану құрылыс мерзімін, сондай‑ақ өндіріске кетер еңбек көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, деді әкім. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында керамикалық кірпіш өндіретін зауыт жұмысын бастады. Аталмыш зауыт осы құрылыс материалының өңірімізге қажет көлемінің үштен біріне дейінгі мөлшерін қамтамасыз ететін болады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер