astana-view

Тимур Құлыбаев: «Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері – басым міндет»

2016 жылғы 21 Қаңтар
10745 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы АӨК және тамақ өнеркәсібі комитеттерінің бірлескен отырысында осылай деп мәлімдеді

«Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі алдыңғы қатарға шығуға тиіс. Дұрыстап ойластырған жағдайда осы тұста айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз. Өңірлік даму картасының аясында нені және қайда өсірудің әрі өңдеудің мақсатқа лайық болатынын, нәтиже беретінін анықтап алған дұрыс. Мұнда жоғары технологиялы өндіріс жоқ. Екі-үш жылдың ішінде толыққанды деңгейге қол жеткізіп, ауылшаруашылық қайта өңдеуді ескере отырғанда азық-түлік себетімізді өзіміз қамтамасыз етуіміз қажет. Ол уақытқа дейін валюталық шығынды айтарлықтай дәрежеде қысқарту үшін, азық-түлік импортының тізімін қайта қарағанымыз дұрыс. Көрші елдермен сауда айналымы салмақты. Әзірше өзімізде жетіспей жатқан азық-түлікті ол жақтан жеткізуді уақытша кеңейте тұрайық. Кондитерлік салада қолданылатын какао, кофе және басқа да экзотикалық өнімдерді валютаға сатып алуға мәжбүр болатынымыз түсінікті, алайда өнімнің басым бөлігін теңгемен субсидиялауға болады», - деп ұсынды Тимур Құлыбаев. 

«Атамекен» ҰКП Төралқасының басшысы ауыл халқының ресми 46% көрсеткіші, 1,5 мың тұрғыны бар шағын қалаларды ескергенде, іс жүзінде одан да көп екенін баса көрсетті, демек еліміз әзірше өзін-өзі асырай алмайды.

«Азық-түлік жайлы бәрі де айтып жатады, алайда, шын мәнісінде, ешкім де онымен айналыспайды. Іс жүзіндегі ауыл халқын ескере отырсақ, адамдарды жермен жұмыс жасату қажет. Жастардың ауыл шаруашылығымен, АӨК және тамақ өнеркәсібіндегі жұмыспен байланысты кәсіптерді меңгеруіне көмектесу керек. Маркетологтардың жетіспейтіндігіне назар аударыңыздар. Осыдан келіп, өңірлер бойынша сауатты мамандану болмай отыр. Айдалада сүт зауытын тұрғызудың керегі қанша деген сауал туындайды. Ал оңтүстікте жыл он екі ай дерлік ауа райы жылы боп тұрса, солтүстікте жылыжайдың керегі қанша? Бәрін де алдын ала ойластырып, есептеп қою керек», - деп атады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы.

Тимур Құлыбаев мемлекеттік қолдау көмегімен сауда желілерінде және қоғамдық тамақтану орындарында азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету және белсенді өркендеу міндетін ойдағыдай орындап жүрген ЕАЭО бойынша көршілеріміз – Ресей мен Белорустан үлгі алуды ұсынды. Біздің ауылшаруашылық өндірушілер әзірше мұнымен мақтана алмайды.

ҰКП Төралқа басшысы комитеттерге ауылшаруашылық кооперациясын дамыту, субсидиялау бағдарламасын жетілдіру, Астана мен Алматының тамақ кластерінде тәжірибені одан әрі басқа да өңірлерге өркендетумен көлік-логистика тізбегі жүйесін дамыту сияқты бағыттар төңірегіндегі жұмыспен айналысуды тапсырды. Алғашқы нақты ұсыныстар келесі аптада талқыланбақшы.

Ішкі тұтынудағы негізгі азық-түлік тауарларының үлесі, 2015 жылдағы

Қайнар-көзҚР ҰЭМ Статистика комитеті

Өнім атауы

Қамсыздандырылуы, %

1

Бидай ұны

192

2

Күріш

121

3

Тауық жұмыртқасы**

101

4

Қой еті

100

5

Сүт

100

6

1 сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны

100

7

Картоп

99

8

Сиыр еті

97

9

Қияр

97

11

Жылқы еті

95

12

Макарон

95

13

Жарма

94

14

Шошқа еті

94

15

Асхана қызылшасы

93

16

Қызанақ

93

17

Сәбіз

92

18

Пияз

88

19

Қышқыл сүт өнімдері

87

20

Өсімдік майы-барлығы

83

21

Орамжапырақ

81

22

Құмшекер

72

23

Сары май

60

24

Шұжық өнімдері

56

25

Алма

52

26

Ірімшік және сүзбе

50

27

Құс еті

47

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер