astana-view

«Мемлекет пен бизнес ұлт денсаулығын қорғау мәселесінде ортақ пікірде болуға тиіс»

2016 жылғы 23 Қаңтар
9952 просмотров

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту маңызды роль ойнайды

«Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитеті Хатшылығының 2015 жылғы жұмысын тыңдады.

Отандық өндірушілер мүддесін қорғау үшін бірқатар жүйелік шаралар қабылданды. Сонымен, фармацевтикалық және медициналық өнімдерді жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сақтау және тасымалдаудың ұзақ мерзімдік шарттарын жасаудың ықпалды механизмдері енгізілді, тиісті фармацевтикалық практикаларды енгізуді ынталандыру элементтері енгізілді, өнімді тіркеу және сараптаудан өткізу кезіндегі отандық кәсіпорындардың өндірушілік шығындары төмендетілді. Кәсіпкерлерде сонымен қатар медициналық кабинеттер мен орталықтарды тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарға және оларға жапсар салынған жайларға орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Азаматтар кейбір өңірлерде медициналық қызметтерді алу үшін жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеле алады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі қызмет көрсетуі аясында кәсіпкерлерді тексерулер саны азайды. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік органдар алдында кәсіпкерлер құқығын қорғау көрсетіледі.

Отырыста «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасын, Ұлт жоспарын іске асыру аясында қабылданған) жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Мемлекет үшін де, жеке меншік медициналық ұйымдар үшін де жеке меншік сектордың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерді көрсетуге жеке меншік сектор қатысуынан болатын күтіліп отырған оң әсерді анықтап, жаңа жағдайда бизнеске жан-жақты қолдау көрсету қажет», - деп баса көрсетті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы сонымен қатар электронды денсаулық сақтауды енгізу маңыздылығына және жеке меншік медициналық ұйымдардың Бірыңғай денсаулық сақтау ақпараттық жүйесіне интеграциялану мүмкіндігіне ерекше назар аударды.

Төралқа Төрағасы сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен медициналық ұжымдар ұсыныстарын ескерумен, «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтының бизнес пен мемлекеттің ортақ міндетін шешуде маңызды роль ойнайтынын» ескере отырып, сенімгерлікпен басқаруға берудің қолданыстағы механизмі бойынша шаралар кешенін енгізуге тапсырма берді.

Ұлттық палатаның денсаулық сақтау секторындағы қызметіне қорытынды жасай отырып, «Атамекен» Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің алдағы жұмысының басымдылықтары анықталды. Атап айтқанда бұл жеке меншіктің денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттарға жетуіне белсенді жәрдем көрсетуін қамтамасыз ету, ұлт денсаулығы үшін мемлекеттің, бизнестің және халықтың ортақ жауапкершілігі көтерілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімді жүйесін дамытуға қатысу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер