astana-view

Қытайдан келген көлемді инвестиция

2016 жылғы 25 Қаңтар
14327 просмотров

Қытай Халық Республикасының 4 ірі ұлтаралық агроөнеркәсіптік компаниясы Қазақстан нарығына қадам жасады

Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі мен қытайлық CITIC, COFCO, Rifa Holding Group және Ай Цзюй компанияларының арасында өндірісті дамыту және ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвестицияларды тарту мақсатында ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Сөйтіп, «Rifa Holding Group» компаниясы Шығыс Қазақстан облысында жылдық қуаты 17 мың тонна қой еті мен сиыр етін құрайтын ет комбинатын және ҰҚМ 50 мың басы мен 1000 бас ірі қараны бір уақытта жемдейтін семірту алаңдарын салуға қаражат инвестициялауға шешім қабылдады. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі берген деректерге сүйенсек, кәсіпорын өнімінің 80%-ы Қытайға экспорттауға бағдарланбақшы. Жобаның жалпы құны 7,9 млрд. теңгеге бағаланып отыр. «Rifa Holding Group» компаниясының жобаға қатысу үлесі 49% құрайды.

Компания сонымен қатар сиыр етін өндіретін бірқатар қазақстандық компаниялармен ынтымақтаспақшы. Қазірде «Rifa Holding Group» компаниясының өкілдері Ақтөбе облысындағы «Актеп», Қостанай облысындағы «Север Агро-Н» және Алматы облысындағы «Арқарлы майбүйрек» компаниядарында аудит жүргізді. Жоғарыда аталған қазақстандық компаниялар мен «Rifa Holding Group» арасында инвестициялық келісімдер жасауға дайындалуда.

Қазақстанның мал шаруашылығы секторына Қытайдағы жетекші инвестициялық корпорацияларының бірі «CITIC» инвестиция салуға ниет білдіріп отыр. Ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға «Бәйтерек» холдингімен келісімге қол қойылды. Корпорация өнеркәсіптік негізде семірту алаңдары мен бройлерлік бағыттағы құс фабрикалары құрылысына инвестиция салмақшы.

«AIJIU» өнеркәсіптік тобы «Total Impex» ЖШМС-мен бірге Солтүстік Қазақстан облысында 58 млн доллар сомасына майлы және астық тұқымдастарды терең қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобасын жүзеге асырады. Зауыттың жобалау қуаты жылына 80 мың тонна өсімдік майын, 200 мың тонна ұн, 200 мың тонна азықты құрайды.

«COFCO» компаниясы Қазақстанда қызанақ өндіруге және қайта өңдеуге инвестиция салмақшы. Бұл Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы 80 млн доллардан астам сомадағы жоба болады. Қазақстандық тарап қызанақ өсіруге және қызанақ өнімдері өндірісіне алаң ұсынады. (Ал Ауыл шаруашылық министрлігі шетелдік инвесторлар үшін жалдау мерзімінің 10-нан 25 жылға ұлғайтылғанын атады). Жобаларды бірлесе іске асыру есебінен қызанақ өндірісін 120 мың тоннаға өсіру жоспарланып отыр.

Ең көлемді инвестициялық салымды Қазақстанда ауылшаруашылық өнімін терең қайта өңдеуді дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс үшін «Қазэкспортастық» қазақстандық компаниясының дамуына әріптесі ПСК-мен инвестиция салғалы отырған гонкогтық «Oriental Patron» қаржылық тобы іске асырады. Инвестицияның жалпы сомасы шамамен 500 млн долларды құрауы мүмкін.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер