astana-view

Кітап дүкені жабылмайтын болды

2016 жылғы 05 Ақпан
- Қызылорда облысы
14805 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің арқасында кәсіпкер кәсібін сақтап қалды

Өздеріңізге белгілі, былтыр қызылордалық кәсіпкер, «Насихат»  ЖШС директоры Райкүл Кемалова Кәсіпкерлер палатасына шағым түсірген еді.

Оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай. 2015 жылдың 9 ақпанында Қызылорда ҚІІД қызметкерлері «Насихат» кітап дүкенінің қожайынын діни әдебиетті тарату туралы бекітілген заң талаптарын бұзды деп айыптаған болатын. Полиция қызметкерлері «Евангелие от Соколова» («Соколов Евангелиесі») және «Апокалипсис от Владимира» («Владимир апокалипсисі») деп аталатын екі кітапты сатылымнан алып тастап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған. Нәтижесінде сот Райкүл Кемалованы айыпты деп танып, 99 100 теңге көлемінде айыппұл төлеу жөнінде жаза белгіледі және кітап дүкені қызметін 3 ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарды.

Мамыр айының соңында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері кітап дүкенінен діни мазмұндағы тағы алты кітапты сатылымнан алып тастады. Сот бұл жолы әкімшілік құқықбұзушылық фактісінің болмауына байланысты Кемалованы жауапкершіліктен босатты. Осы мәселелермен айналысқан Палата заңгерлері сотта кәсіпкер мүддесін сәтті қорғап шықты. Нәтижесінде заңдық күшіне енген сот шешімін жаңадан белгілі болған жайттарға байланысты қайта қарау туралы арыз берілді, ал бастапқы іс бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы сот қаулысы күшін жойды. Райкүл Кемаловаға қатысты әкімшілік іс тоқтатылып, ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.  

«Басыма күн туған сәтте қорғаушы көмегіне жүгінуге мәжбүр болдым. Алайда қорғаушым мені тиісінше қорғай алмады, сол себептен мен Кәсіпкерлер палатасына жүгіндім. ӨКП заңгерлері барлық сот процесіне қатысты. Сондықтан менің әріптес кәсіпкерлерге айтарым: кез келген сәтте Кәсіпкерлік палатасынан көмек сұраңыздар. Ақылы қызмет көрсететін заңгерлердің өзі Палатадағылар сияқты көмек бермейді. Бұған менің көзім толықтай жетті», – дейді Райкүл Кемалова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер