astana-view

Қой еті мен сиыр еті Иранға жол тартпақ

2016 жылғы 08 Ақпан
11516 просмотров

Қазақстандық экспортшылар Иранға ет жеткізуді бастайды

Қазақстан Сыртқы сауда палатасының ықпал етуінің арқасында қазақстандық экспортшылар сомасы 30 млн АҚШ долларына тең сиыр еті мен қой етін жеткізу жөніндегі ұзақмерзімді коммерциялық келісімшартты бекітті.

Айта кетейік, Бұл Иран Ислам Республикасына салынған санкциялар алынып тасталғаннан кейін, қазақстандық делегацияның Тегеранға жасаған Іскерлік сапары аясында қол жеткізілген екі ел арасындағы алғашқы келісімшарт.

Іскерлік кеңес отырысы кезінде қазақстандық компаниялар мен екі жақты әріптестікке үлкен ықылас танытқан ирандық кәсіпкерлер келісімшартқа қол қойды.

«Бұл келісімшарт екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке түрен салды. Қазақстан мен Иран бизнес-қауымдастықтарының ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытуы осыны көрсетеді. Біз мұндай темппен өз елдеріміздің сауда-экономикалық қатынастарының динамикасын көтеріп, өзара әріптестікке жаңа даму серпінін бере аламыз. Қазақстандық кәсіпкерлерді АӨК мен тамақ өнеркәсібі салаларындағы қызметтерін жандандыруға шақырамын, өйткені бұл салаларды дамытуда Қазақстан үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі таңда, әсіресе, экологиялық таза өнімдерге деген әлемдік сұраныстың өсіп жатқанын есте ұстаған абзал», – деп түйіндеді Қазақстан Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер