astana-view

Рубльдің құлауы Павлодар облысындағы кәсіпорындарға теріс әсерін тигізуде

2016 жылғы 09 Ақпан
8916 просмотров

Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындар көрші Ресей еліндегі рубльдің құнсыздануының салдарын сезінді

Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев хабарлады. «Көрші Ресейдің экономикалық проблемаларын Павлодар облысы ең бірінші сезінді. Рубльдің құлауына байланысты тауарлар өзінің бәсекелестік қабілетін жоғалтты, біздің үлкен кәсіпорын амалсыздан өндіріс көлемін төмендетті», - деді әкім.

Оның айтуынша, мейлінше құлдыру энергетика саласында болған. «Мұның объективті және субъективті себептері бар. Екібастұз МАЭС рубльдің құнсыздануына байланысты Ресей нарығына электр энергиясын жеткізуді тоқтатты. Қазақстандық ірі энергия жабдықтаушы тұтынушылар тарапынан да сұраныс төмендеді» - деді облыс басшысы.

Дегенмен, Қанат Бозымбаев Павлодар облысында «өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жақсы динамикасын қамтамасыз ету мен тұрақтылықты» сақтауға Қазақстан үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары мүмкіндік бергенін атап өтті.  

«Облыстың экономикасы едәуір тірілді, өнім қайта қалпына келіп, кәдімгідей бұрынғы көлемге түсті» деді әкім.

Сондай-ақ, биыл облыста үлкен контейнерлер үшін вагон-платформаға айналатын отандық вагон жасау компаниясының қызмет профилін өзгерту жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер