astana-view

Қызылорда қауымдастықтары Палата жұмысына қатыса алады

2016 жылғы 10 Ақпан
- Қызылорда облысы
14018 просмотров

«Сыр бойы» кәсіпкерлерді қолдау қауымдастығы және Жергілікті құрамды дамыту қауымдастығы «Атамекен» ҰКП-да аккредитациядан өтіп жатыр

Бұл туралы бүгін жетекшілерге арнайы құжаттарды тапсыру кезінде Палата директорының м.а. Дархан Мырзалиев айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілері және/немесе қауымдастық түріндегі заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде жоғарыда көрсетілген қауымдастықтар аккредиттеліп, бұдан ары шарт негізінде Палата жұмысына қатысатын болды және Өңірлік кеңеске делегат ретінде өз кандидаттарын ұсынуға мүмкіндік алды.

Мұндай жұмыстардың өңірлерде де басталғанын айта кету керек. Салалық қауымдастықтар (одақтар), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік қауымдастықтарын аккредиттеуге қажетті құжаттарды Кәсіпкерлер палатасына 10 наурызға дейін өткізуге болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер