astana-view

Тимур Құлыбаев: Алматы еліміздің туристік хабы болу керек

2016 жылғы 10 Ақпан
9793 просмотров

Ішкі туризмді дамыту үшін көліктік-логистикалық бизнесті қалыптастыру керек

«Атамекен» ҰКП жасаған өңірлік даму Картасына сәйкес, туризм, қаржылық қызмет, сауда-саттық Алматы қаласындағы  басымдыққа ие салалар болып белгіленді, олардың үлесіне ЖӨӨ-нің 30 пайызға жуығы тиесілі.

Қаржы және сауда салаларындағы күрт қысқаруларға байланысты басты назарды ішкі туризмді дамытуға аудару керек. Бұл туралы Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердің 2-ші жыл сайынғы конференциясында айтылды.

«Туризм дегеніміз не? Бұл дегеніміз қонақүйдегі орындарға, демалыс және сауда орындарына қолжетімділік, – деп атап өтті «Атамекеннің» басшысы Тимур Құлыбаев. – Сәйкесінше, сауда алаңдарының жаңа форматын енгізу қажет. Біз Қытай Республикасы тарапынан, Еуразиялық экономикалық кеңістіктің жаңа мүшесі – Қырғызстан тарапынан келген үлкен ағындарды көріп отырмыз, Алматы осы ағындарды қарсы алып, жинақтап, оларды бүкіл республикаға тарататын туристік хаб болу керек. Осы аралықта Алматы үшін көліктік-логистикалық бизнестің жаңа форматына сұраныс туып тұр, мүмкін оны МЖС арқылы іске асырармыз. Алматы әкімі мұнда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің 52 жобасы бар екенін, оларға көліктік мәселелер, мектептер, ауруханалар құрылысы кіретінін айтып өтті. Мен бұл тізімді көліктік-логистикалық бизнестің есебінен кеңейтуді ұсынамын, бұл маңызды».

Туристік саланы дамыту үшін Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының  басшылығы «Атамекен» ҰКП сарапшыларымен, Алматы қ. әкімдігімен және туристік қауымдастық өкілдерімен бірлесіп Жұмысшы тобын құру бастамасын көтерді. «3 айлық мерзімде туристік әлеуетті талдау жөніндегі сарапшылық топты жасақтауды ұсынамыз, оған мынадай топтар кіреді: қонақүй бизнесі, көлік, қоғамдық тамақтандыру жүйесі, қаланың  көрікті жерлерінің туристік пункттері, визалық және кедендік мәселелер, сала  мамандарын даярлау», – деп мәлімдеді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов. 

Бұл идеяны Алматы қаласының басшысы қолдады және Палатамен ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді. «Біз бұдан әрі баруды, яғни, Жұмысшы тобын үш ай ішінде емес, одан да бері мерзімде құруды ұсынамыз. Биылғы жылы Алматы өзінің мың жылдығын атап өтеді, мерейтойлық датаны ЮНЕСКО анықтады. Жарты жыл ішінде бізде туристік саланы дамыту жөнінде өз ұсыныстарымыз әзірленді. Мұнда идеялар тасқындап, новациялар мен сын пікірлер толассыз түсуде. Мен бірлесе отырып, нақты табыстарға қол жеткіземіз деп ойлаймын», – деп түйіндеді Бауыржан Байбек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер