astana-view

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2016 жылғы 29 Ақпан
- Қостанай облысы
11880 просмотров

Қостанайлық шаруалар ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне бірігуге асығып отыр

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында тіркеу мәселелері бойынша құқықтық көмек алуға ниеттенген клиенттер легі байқалады

Бұл туралы бизнесмендерге тегін қызмет көрсететін Кәсіпкерлер палатасы мамандары айтты. Қолдау орталығына жыл басынан бері шамамен 85 клиент құқықтық көмек сұрап жүгінген.

«Мемлекет тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерін субсидиялау, несиелеу бойынша белгілі дәрежеде қолдау көрсетілетіні белгілі, сондықтан да кәсіпкерлер бізге көмек сұрай келеді. Біз жарғылар мен құрылтайшылық шарттар жасауға қолұшын береміз, кооперативтерді мемлекеттік тіркеу үшін, тіпті қызмет көрсету орталықтарына клиенттермен бірге барып, жанында жүреміз»,– деді облыстық Палата жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Шыңғыс Нұрмұхамедов.

Палатаның тегін сервистік қолдауына жыл басталғалы бері Қостанай облысынан 240 кәсіпкер ие болған. Сонымен бірге, облыс орталығына жүгінгендер саны 94 болса,  мұндай көмекті аудандар мен моноқалалардан 194 кәсіпкер алған. Жалпы, кәсіпкерлерге 245 түрлі тиісті қызмет көрсетілген.

«Көбі бұрынғыдай бухгалтерлік мәселелермен келеді. Олар салық төлеуші кабинеті арқылы жеңілдетілген декларация беру, КО аясында тауарларды елге кіргізу туралы өтініштер беру, эмиссия үшін, жерге салық төлеу, т.б.

Бұл тұста ісін жаңадан бастаған жеке кәсіпкерлер де, қандай да бір күрделі мәселелерді шешуге келген қолданыстағы компания өкілдері де келіп жатады»,– деді Қостанай облысы Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Айгүл Есентемір.

Бұл жылдың жаңалығы қаңтар айынан бастап кәсіпкерлерге ұсынылатын сервистік қызметтер консалтингтік компаниялардың қатысуынсыз Палата мамандарымен жүзеге асатындығы болып отыр. Мұндай қолдау Палатаның аудандар мен моноқалалардағы филиалдары жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (Қостанай қаласы) мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында тегін түрде көрсетілуде.

Бухгалтерлік және құқықтық қызметтерден басқа бизнесмендерге маркетинг, менеджмент және ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер ұсынылған. Сонымен бірге, олар сапа менеджменті жүйелерін енгізу, кедендік әкімшілендіру мен мемлекеттік сатып алулар саласында консалтингтік қолдау мәселелері жөнінде кеңестер ала алады. Былтыр мұндай көмек 2056 кәсіпкерге көрсетілген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер