astana-view

Қытайлықтар Астанадағы автокөрмеге белсене қатысты

2016 жылғы 01 Наурыз
7923 просмотров

Аспан асты елінің өкілдері ұйымдастырушыларды таң қалдырды

Бүгін Астанадағы «Көрме» көрме орталығында «Automechanika» брендінің қолдауымен «Kazakhstan International Automotive Expo» көрмесі ашылды. Елордамыз қосалқы бөлшектер, автобөлшек өндірушілері мен автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған құралдар шығаратын өндіріс орындарын мұндай форматта бірінші рет қабылдап отыр. Көлік шамдары, сүзгілер, автокөлік майлары, авторезеңке – осы және көптеген өзге де автокөлік тауарлары барынша кеңінен көпшілік назарына ұсынылды. Осы ретте тіпті автокөлік базары ойыншыларының көңілін өзіне аударып, «Көрме» павильонының бір бөлігін толықтай қамтыған ҚХР компаниясының ерекше белсенділігін атап өткен жөн. Ал, «Аллюр» компаниялар тобы» (Allur Group) АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев көрменің «100-ден астам ҚХР қатысушыларын» жинағандығын атап өтті.

«Қорқатын ештеңе жоқ. Олардың мүмкіндіктері өте көп. ҚХР-да көптеген экспорттық қолдаушы бағдарламалар бар», – дейді Андрей Лаврентьев.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрменің өте жақсы деңгейде жасалған іскерлік бағдарламасын дайындады. Негізгі оқиға халықаралық авто-форум болды, онда беделді сарапшылар сөз алып, Қазақстан мен өз елдеріндегі автонарықтардың келешектегі даму мәселелеріне өз бағаларын берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер