astana-view

Энергетиктердің жаңа буыны қалыптасады

2016 жылғы 02 Наурыз
- Павлодар облысы
16126 просмотров

Павлодар қаласында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жас мамандарын қолдау Бағдарламасын таныстырды

Бағдарлама таныстырылымы аясында компания Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасымен, Павлодар және Екібастұз қалаларының кәсіподақтарымен, жоғары оқу орындарымен және колледждермен әлеуметтік серіктестік туралы шартқа қол қойды.

Бағдарламаны жасау кәсіпорында маманның біліктілігіне қойылатын талаптан басым деңгейде қызмет көрсететін жаңа жабдықты орнатуға негізделген. Кездесу қатысушыларының ойлары бір жерде тоғысып, олар жаңа бағдарлама келешекте энергетикалық холдингтің кәсіпорындарына жұмысқа орналасу мақсатында энергетик-студенттердің оқуға деген қызығушылықтарын арттырады деген шешімге келді.

«Ел экономикасы күн санап өсіп келеді. Заманымыз мамандардың біліктілік деңгейіне қатысты өз талаптарын алға тартуда. Сондықтан білім берудің заманауи механизмдерін қамтитын қабылданған Бағдарлама электр энергетикасы саласы үшін мамандар даярлайтын оқу орындарының оқыту бағдарламаларының маңыздылығын қайта қарастырудың бастамасы болмақ. Энергетика кәсіпорындарына сауатты да дайын мамандар ұсыну мақсатында Кәсіпкерлер палатасы бағдарламаны іске асыру және енгізуге белсенді түрде қатысатын болады»,– деп атап өтті ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясова.

Жоғары және кәсіптік білім беру мекемелерімен серіктестік бір уақытта бірнеше бағыт бойынша жүргізілетін болады: тәжірибе ұйымдастыру, кәсіптік бағдар, демалыс кезінде уақытша жұмысқа орналастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру, жобалар байқауларын жүргізу, атаулы шәкіртақы тағайындау, емтихан комиссияларына қатысу, полиграфиялық өнім дайындау.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» кәсіпорындарындағы тәжірибенің әр айы үшін және жазғы демалыс кезінде жұмыс істегендері үшін студенттер ең төменгі екі жалақы – 45 718 теңге мөлшерінде сыйақы алатын болады. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын студенттер «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ атаулы шәкіртақысына талаптану құқығына ие болады: колледжде білім алатындар үшін 14 847 теңге және жоғары оқу орындары студенттері үшін 21 210 теңге.

Кездесу қатысушылары аталған бағдарлама қарапайым мамандықтардың беделін арттырып, техникалық кәсіптік білім мәртебесін көтереді деген тұжырымға келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер