astana-view

Ләззат Рамазанова:«Әйел өз ісін бастау үшін, материалдық қолдаумен қоса, ынта-жігері болуы керек»

2016 жылғы 04 Наурыз
12458 просмотров

Бүгінгі күні Қазақстанда 1 млн. 440 мың әйел бизнеспен айналысады

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысты.

ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова атап өткендей, «Атамекен» ҰКП Төралқа басшысы 2015 жылды өңірлер жылы деп жариялады. «Біз жемісті жұмыс істедік және бүгін Ұлттық Палатаның жыл бойғы жетістігі – Елбасы алдында тұсауы кесілген және оң  бағасын алған өңірлік даму картасы деп нық айта аламыз. Біздің міндетіміз – мақсатты аудитория аясында әйелдерге өз бизнесін бастауға көмектесу. Біздің ұйымның есігі өз ісін әрі қарай ілгерілету үшін бизнеспен айналысқысы, білім алғысы келетін әрбір әйелге ашық», – деді ол.  

Л.Рамазанова, әйел кәсіпкерлігі – айрықша іс, өйткені әйел өз ісін бастауы үшін материалдық қолдаумен бірге, ішкі күш-жігеріне сенімді болуы тиіс деп атап өтті. «Біздің тренингтердің, оқудың көмегімен олар сол сенімділікке ие болады.  Олар табысқа жеткен және жеке тәжірибесін көрсету үшін келген бизнес-ханымдарды көреді, сол арқылы мұның шын екеніне, қол жеткізуге болатынына көзі жетеді», – деп қосты Кеңес басшысы.

«Қазақстанның халқы 17 млн. 500 мыңнан астам адамды құрайды, олардың 52%-ы әйелдер, еңбекке қабілетті әйелдер – 4 миллионнан асады. Бүгінгі таңда бізде бизнеспен барлығы 1 млн. 440 мың әйел қамтылған, сондықтан да біздің аудитория үлкен, ұшан-теңіз», – деді ол.

Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, өз кезегінде, әйел-кәсіпкерлер «бизнестегі ер адамдар сияқты гигантоманияға шалдықпайды, асқан табысты қуаламайды, сол себепті әйелдер кәсіпкерлігі негізінен шағын және орта бизнеске шоғырланған» деп атап өтті. Сондықтан да ШОБ-ты дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға тікелей ықпал етеді.

«Жамбыл облысында 65 мыңға жуық ШОБ-тың белсенді субъектілері жұмыс істейді, олардың 34 мыңы – әйелдер басқаратын компаниялар. Осы тұрғыда облыс бюджеті түсімінің 54%-ын дерлік әйел-кәсіпкерлер қамтамасыз етеді, олар өңірлік ЖІӨ-нің 23%-ын құрайды», – деп баяндады ол.

Оған қоса, Қ.Аралбекова Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының жаңа бастаған кәсіпкері Гүлмира Әсемова туралы айтып берді.

«Астанаға ұшар алдында мен Іскер әйелдер кеңесіне тура 4 ай бұрын кірген әйел-кәсіпкердің жаңа тігін цехының ашылуына бардым. Ол  3 жыл бойы несие ала алмай жүрген, содан біз оған көмек көрсеттік. Ол 5 тігіншіні жинап, шағын ұжым құрып, кеше өзінің цехын қандай мақтанышпен ашқанын көрсеңіздер ғой. Бұл әйел – батыр ана, 7 баланың анасы. Және де соған қоса, ол кәсіпкер болғысы келеді! Мұндай оқиғалар біздің өңірімізде көптеп саналады», – деді ол.

Сондай-ақ, Аралбекованың айтуынша, Гүлмира Әсемова бес жасынан бері тігін тіккенді жақсы көреді және кішкентай кезінде әкесі сыйлаған тігін машинасын әлі күнге сақтап жүр. Яғни, оның бала арманы орындалды және ол өз ісін сүйеді.

Сонымен бірге брифингте "Ұмай" әйел кәсіпкерлігін дамыту жобасының үйлестірушісі Диана Ратбекова да сөз сөйледі. Бүгінгі күні пойыз жолаушыларына, бекеттерде тоқтаған кезде вагоннан шықпай-ақ, сапалы әрі балғын тамақ алуға мүмкіндік беретін IOS b Android қосымшалар платформасы іске қосылды. «Осы платформаның арқасында біз өңірлердегі шағын және орта бизнесті дамыта аламыз. Бекеттерде қазақстандық құрамдағы өнімдерді сатып өткізетін дүңгіршектер  орнатамыз. Жұмысшы атауы Travel caffe, бірақ ол қазақшаға ауыстырылады. Оны ақпан айының ортасында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында пайдалануға болады. Біз қазір тағамды жеткізіп бере алатын жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізудеміз», – деді Ратбекова. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер