astana-view

Қазақстан мен Қырғызстан жекелеген тауар түрлерінің саудасы жөніндегі Келісім жобасын талқылауда

2016 жылғы 11 Наурыз
6164 просмотров

Экономика министрлігі халықаралық шарттардың Қазақстаннан Қырғызстанға тауарларды өткізу кезіндегі кедендік баж салығын төлеу бөліміндегі ережелердің орындалу тәртібін түсіндіріп берді

2014 жылдың 12 қаңтарынан бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасында 2011 жылдың 18 қазанында бекітілген ТМД аясындағы еркін сауда аймағы туралы шарт қолданысқа енген.  Шартқа қайшы келмейтін бөлімде де 1995 жылдың 22 маусымындағы екі ел арасындағы Еркін сауда туралы екіжақты келісім әрекет етеді.  

Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың толық құқықты мүшесі саналады. 2015 жылдың 12 тамызынан бастап екі ел шекарасындағы кедендік бақылау алып тасталды.

ЕАЭО туралы шарттың 28-бабының 3-тармағына сәйкес ішкі нарықтағы тауарлардың өзара саудасының жүзеге асуы аясында мүше мемлекеттер ЕАЭО туралы шартта қарастырылған жағдайлардан басқа кездері шеттен әкелу және шетке шығару кедендік баж салығын (эквиваленттік әрекетке ие өзге де өтемақылар, салықтар мен алымдар), тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбайды.

Сонымен бірге, Мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, қызмет жасау және дамыту туралы хаттаманың 12-тармағына сәйкес (ЕАЭО туралы шартқа № 23 Қосымша) ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт қолданысқа енгенге дейін мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу, шетке шығару кедендік баж салықтарын анықтау және оны төлеу тәртібі саласындағы мүше мемлекеттер арасында жасалған, Шарттың 84-бабының 3-тармағымен қарастырылған, екіжақты келісімдер күшіне енеді. Бұл тұста тиісті мемлекеттер арасында өзге келісімдер болмауын ескеру қажет.  

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында мұнай және мұнай өнімдері саласында екіжақты келісімдер жоқ.

Бұдан басқа, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 1995 жылдың 22 маусымдағы Келісімнің Еркін сауда режимінен босату туралы екіжақты хаттамасы 1996 жылдың 6 мамырында күшін жойған.

Қосымша мәлімет бойынша, бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық мүддесін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰЭМ мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында жекелеген тауар түрлерінің саудасы туралы Келісім жобасы талқылануда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер