astana-view

Азық-түлік белдеуі – 100% «Қазақстанда жасалған»

2016 жылғы 15 Наурыз
- Ақтөбе облысы
12648 просмотров

Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жергілікті тұрғындарды өз өнімдерімен қамтамасыз етуде

Белдеу Ақтөбе қаласына жақын орналасқан 5 аудан: Алға, Мартұқ, Қарғалы, Хромтау және Қобда аудандарын қамтиды. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының нан, көкөніс-бақша дақылдары, картоп, ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік майына деген сұранысы өздерінің жеке өндірісінің есебінен қамтамасыз етіледі.

Дегенмен, құс еті, өңделген сүт және қышқыл сүт өнімдері, сары май, макарон өнімдері мен ерте піскен көкөністерге деген мұқтаждық толығымен өтелмей отыр. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының үлесіне көкөніс өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 20%-ы тиеді, ал 80%-ы халықтың жеке қосалқы шаруашылығына тиесілі болады. Азық-түлік белдеуі аясында 394-тен астам бау-бақша ұжымы жұмыс істейді, олардың құрамына жалпы ауданы 2600 гектарға тең шамамен 32 мың учаске кіреді.

2016 жылы көкөніске деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз ету үшін бірқатар жылыжай кешендерінің, соның ішінде 9,5 га аумақты алатын, қуаты жылына 4500 тонна көкөніс беретін «Гринхаус Қазақстан» ЖШС құрылысын жүргізіп, оларды іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Ақтөбе қаласы мен облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуді арттыру мақсатында 2015 жылы азық-түлік белдеуінің аясында «Ника-99» ЖШС және «Агрофирма Көктем» ЖШС жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобалары іске қосылған. «Агрофирма Көктем» ЖШС бір ауысымда 20 тонна сүт өнімін шығаратын жобаны дайындаса, ал «Габор» ЖК болса әлдеқашан үш тонна шұжық өнімдерін өндіріп келеді, «Молочные истории» ЖШС-нің ет өңдеу кешенінің қуаттылығы жылына 7200 тонна өнімді, «Новоальджанский мелькомбинат» ЖШС-нің макарон өнімдерін өндіру қуаттылығы жылына 11 мың тоннаны құрайды.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы экономикалық блогының мәліметі бойынша, үстіміздегі жылы өндіріс қуаттылығы жылына бір тоннаны құрайтын  «Айбек» ӘКК» ЖШС-нің ет консервілерін өндіру цехының құрылысын аяқтау көзделуде. Сонымен қатар, бір ауысымда 10 тонна өнім өндіретін «Толерис» ЖШС сүт өңдеу цехын салу, «Айс+» ЖШС сүт зауытының өндіріс қуаттылығын жетілдіру және «Аққұс» құс фабрикасының 5 құс қорасын қайта салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Милкер» ЖШС-нің қуаттылығы 15 мың тонна сүт өнімін құрайтын қайта өңдеу зауытымен қоса 1280 сауын сиыры бар сүт-тауар фермасының құрылысын жүргізу жобасын іске асыру арқылы облыс тұрғындарының сүт өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету 88,6%-ға артады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер