astana-view

ҰКП мен Салық кеңесшілері палатасы ынтымақтастық туралы келісім жасады

2016 жылғы 15 Наурыз
9833 просмотров

Ұйымдар Келісімге қол қойып, оның аясында салықтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша күш біріктіруге келісті

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Салық кеңесшілері палатасы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Құжаттың мақсаты – тараптардың салықтық заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлер құқығы мен мүдделерін қорғау және уәкілдік етудегі ынтымақтастық.

Мұндай ынтымақтастықты дамыту екі тарап үшін де тиімді болмақ, себебі аталмыш Келісім аясында Салық кеңесшілері палатасы Ұлттық палатаға салық мәселелері бойынша кеңес берулер мен ұсыныстар жөнінде жұмыстарды,  оның ішінде тегін салық салу саласының мәселелерін шешу, салықтық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасап шығару бойынша халықаралық тәжірибеге сай салыстырмалы талдау жүргізуді ұсынатын болады.

Салық кеңесшілері палатасы, өз кезегінде, қажет жағдайда ҚР Ұлттық палатасына азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық даулар кезінде кәсіпкерлер құқықтары мен мүдделерін қорғау және уәкілдік ету қызметін атқаруда қолдау сұрап жүгіне алады.

Өзара тиімді ынтымақтастық аясында «Атамекен» қажет жағдайларда Салық кеңесшілері палатасы мен оның мүшелеріне салық мәселелері туралы кеңес беру қызметін жүзеге асыруда қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. 

Ынтымақтастық нәтижелері салықтық заңнаманы одан ары жетілдіруде, салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлер құқықтары мен мүдделерін  қорғау  және уәкілдік етуде жаңа мүмкіндіктер тудырады деген сенім мол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер