astana-view

Қазақстан Қытай провинциясын маймен қамтамасыз етпек

2016 жылғы 21 Наурыз
- Жетісу облысы
12100 просмотров

Алматы облысындағы Достық станциясынан ҚХР Шэньси провинциясына алғаш рет 2 мың тонна күнбағыс  және рапс майлары  экспортталды

Контейнерлік пойыздың жөнелтілу рәсіміне қазақстандық «Total Impex» компаниясының, қытайлық «Айцзюй» компаниясының және Алматыдағы Қытай консулдығының өкілдері қатысты. Дайын өнім экспорты екі ел арасында тиімді ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік орнатып, ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шеше алған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен мүмкін болған. Бұдан былай отандық өнім 35 млн.-нан астам тұрғыны бар Шэньси провинциясына жеткізіліп отырмақ. Қазақстандық «Total Impex» компаниясының директоры Дәурен Тұрапбековтың айтуынша, бұл пилоттық жоба ел экономикасына жаңа инвестицияларды тартуға ұйытқы болмақ.

«Жоба логистика саласын жақсартуға мүмкіндік беріп, қытай бизнес-қоғамдастығы үшін индикаторға және үлгіге айналмақ. Жеткізілім нәтижелері елге инвестициялар тартуға мұрындық болады. Бұдан басқа, биыл Солтүстік Қазақстан облысында бастапқы қуаттылығы  жылына 40-100 мың тонна болып, кейін  100-150 мың тоннаға дейін жететін май дәндерін қайта өңдеу зауыты ашылады деп жоспарланып отыр», – дейді компания басшысы. Оның сөзінше, өңірде майлы дақылдарды өсіру фермерлер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болмақ.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында біз қытайлықтармен серіктес болдық. Енді біз дайын өнімді тікелей сата аламыз», – деді Тұрапбеков.
Келісім-шарт сомасы 573 млн.-нан астам теңгеге тең болды. Қысқа мерзім аралығында шамамен 20-40 контейнер жөнелтіліп, болашақта ассортимент көбейеді деп күтілуде. Қытай нарығы ұн өнімдері, сүт тауарлары және ет жеткізіліміне қызығушылық танытып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер