astana-view

Бизнес үш тараптан қорғалады

2016 жылғы 28 Наурыз
- Атырау облысы
9622 просмотров

ӨКП, Әділет департаменті және Ұлттық зияткерлік меншік институтының арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

Үш жақты құжатқа қол қоюдың басты мақсаты – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының құқық мәселелері бойынша директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев өз баяндамасында бұл меморандумның тараптар арасындағы әріптестіктің бастамасы емес, жалғасы екенін айтып өтті.

«Бүгінге дейін біз Әділет департаменті тарапынан кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне, бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтау мен алдын алуға қатысты мәселелер бойынша әрдайым түсіністік тауып, қолдау көріп келеміз. Сондықтан бұл салада сондай бір жүйелік мәселе жоқ. Әйткенмен, қол қойылған меморандумға үлкен үміт арта келе, бүгінгі шараны бизнесті қолдауға қатысты Елбасы әрдайым назар аудартып отыратын міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар атқарылып жатқандығының кезекті дәлелі деп санаймыз. Өйткені, мықты кәсіпкер  – тұрақты экономика, ал тұрақты экономика дегеніміз – бұл ел дамуының кепілі», – деп атап өтті Сәрсенбай Жолдыбаев.

Атырау облысы Әділет депатраменті басшысының орынбасары Асулан Каримов, өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнес субъектілерінің кез келген проблемалық мәселелер бойынша келе алатындығын, оларға барлық қажетті көмектер көрсетілетіндігін айтты. Оған қоса, департамент өкілдері келіп түскен арыз-шағымдар бойынша ай сайын немесе әр тоқсанда бір рет бизнестің проблемалық мәселелері бойынша кейін ондай проблемаға жол бермеу мақсатында талдау жасалатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер