astana-view

Аспанасты елінің туристерін қалай қызықтырсақ екен...

2016 жылғы 04 Сәуір
11685 просмотров

Қазақстан қытайлық туристерді көптеп тартуға ұмтылып жатыр

Жуырда Мәскеуде ІV ресей-қытай туристік форумы өтті. Оны «Шексіз әлем» атты туристік қауымдастық Ресей Федерациясының туризм бойынша федералды агенттігі мен ҚХР-дің мемлекеттік туризм ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырған.

Қазақстан мен Қытайдың туристік кәсіп серіктестігінің келешегін бағалай отырып (қол қойылған ADS-ті ескере отырып – қытайлардың топ болып ҚР саяхаттауы) форумға Қазақстанның да туристік қауымдастықтар да белсене атсалысты: Олар астаналық туризм қауымдастығы мен Қазақстанның туристік қауымдастық агенттігі.

Осы форум кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы елдерімен «Чайна Френдли» (International Association China Friendly) Халықаралық Қауымдастығын құру туралы Меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қытай әлемдік нарықтың бағдары болып отыр. 2014 жылы 107 млн. қытайлық азамат шетелге саяхаттауға шыққан. 2015 жылы бұл көрсеткіш 20%-ға артып, 120 млн. Қытайды құраған. Сол жылы қытай туристері 160 млрд. АҚШ доллары шамасында қаржысын саяхатқа жұмсаған.

Әлем елдері қытай туристері үшін бәсекелесіп жатыр. Мәселен, Ресей Қытаймен арадағы ADS-келісімге 2006 жылы қол қойған. Алайда қытайлық туристерді тек 2012 жылы Қытайдың ресейдегі туризм жылы өткен соң ғана қабылдап жатыр. Қазіргі кезде Ресейге келетін шетелдіктердің алғашқы тізімінде қытайлықтар тұр. 2015 жылы 1.117.017 қытай азаматы Ресейге саяхаттауға келіп, 1 млрд. доллар қаржы жұмсаған.

Ресейдегі «Шексіз әлем» туристік қауымдастығындағы әріптестер 2012 жылдан бері жыл сайын Ресей Федерациясының Туризм бойынша федералды агенттігінің және ҚХР мемлекеттік туризм ісі бойынша басқармасының бастамасымен ресей-қытай туристік форумын өткізіп жүр. Форум мақсаты елдің туризмге лайықтылығын көтеру, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, сол арқылы екі елдің мемлекетті органдары мен кәсіптік ортасының дамуына үлес қосуға ықпал ету.

Туризм салалық қауымдастықтарының сарапшыларының айтуынша, мұндай форумды Қазақстанда да ұйымдастырған пайдалы болар еді дейді. Әсіресе, 2017 жылы Қазақстанда өткізілетін Халықаралық арнаулы ЭКСПО көрмесі және ҚХР-дің Қазақстандағы туризм жылы екенін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Астаналық туризм қауымдастығы мен Қазақстан туристік агенттіктерінің қауымдастығы Қазақстан-Қытай туристік форумын 2016 жылы қыркүйекте Астана мен Алматы қалаларында өткізуді ұсынып отыр. Оның басты ұйымдастырушысы «Атамекен» ҰКП болса деген ұсыныс бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер