astana-view

Кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы кез келген сот – құйтырқылыққа толы!

2016 жылғы 06 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
7946 просмотров

Жаңадан қабылданатын Бірегей кедендік және салық кодексі ҰКП ұсыныстарын ескере отырып жасалады

Қазақстанның кәсіпкерлерінің құқын қорғайтын өкіл Болат Палымбетов өңірлік кәсіпкерлерге есеп беру кездесуінде кәсіпкерлердің құқын қорғау үшін нендей істің атқарылғанын айтып берді. «Егер салық органы сотқа берсе, кәсіпкерлер үнемі жеңіліп қала береді деген шағымдар көп. Біздің статистикамыз бар. Онда 99% соттасқан кәсіпкер жеңіліс тапқан. Кәсіпкер үшін мемлекеттік органмен соттасу зор қиындық. Сондықтан қазір, бірегей кедендік және салық кодексі жасалып жатқан кезде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Атамекеннің» мамандары да кіріп отыр. Жұмыс тобы кәсіпкердің кінәсіздігін дәлелдейтін ұстанымдарды негізге ала отырып жасалады»,– деді Болат Палымбетов сөзінде.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов салық заңнамасына қатысты бұған дейінгі өзгерістер туралы айтып өтті. «Мәселен, өзі тексеріп отырған органға апелляция берудің мағынасыз болатындығы туралы түйткілді көтердік, одан жоғары органға шағымданған кезде кәсіпкер біздің ұйымға сенімхат бере алады. Астанадағы кәсіпкердің құқығын біздің ұйым қорғайтын болады», – деді Рустам Жүрсінов әңгіме барысында.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, кәсіпкерлер үшін мемлекеттік салық мөлшерінің лимиті бар. Әкімшілік және қылмыстық заңнамаға қатысты кейбір салмақты ұсыныстар енгізілді. «Кәсіпкер алдын ала кінәлі болатын жағдайлар туындамауы үшін ҰКП ұсынысымен жаңа ҚР Кәсіпкерлік кодексіне адамгершілік пен кәсіпкердің кінәсіздік презумпциясы туралы ұстанымдар енгізілді. Болып өткен 39 жағдайдың бірде бірінде Кәсіпкерлікке қатысты Әкімшілік кодексте ескерту жасау мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодекстеріне салмақты ұсыныстарымыз бен өзгертулерімізді әзірледік», – дейді Жүрсінов.

Жиналысты қорытындылай келе Қазақстанның кәсіпкерлерінің құқын қорғайтын өкіл Болат Палымбетов Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері кәсіпкерлер құқын белсенді түрде қорғап отыр дейді.

«Мамандардың қызметі арқасында бірталай заңсыздықтың беті ашылды. Орынсыз тексерістерімен кәсіпкерлерді көп мазаламайтын болды. Бұған келісетін шығарсыздар? Қазақстанда тұңғыш рет кәсіпкерлік-омбудсмен институты қалыптасты. Жаңа құрылым билік органдарының кәсіпкерлікпен арақатынасын кеңінен дамытуға өкілетті боп тұр. Осы өзара ықпалдастық кәсіпкерлердің белсенділігін өсіруі тиіс деп білеміз», – деп аяқтады сөзін Палымбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер