astana-view

Бір ауданда 7 АӨК құрылмақ!

2016 жылғы 07 Сәуір
- Ақтөбе облысы
11798 просмотров

Қобда ауданының ондаған тұрғыны «Жарық» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне бірікті

Бұл туралы palata.kz-ке Кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы филиалының директоры Сәлім Құстұртов хабарлады.

Филал басшысы екі аптаның ішінде аудандағы барлық селолық округтерді аралап, халықпен кездесіп, ауылшаруашылық кооперативтерін құрудағы артықшылықтар туралы мәліметтер беріп қайтты.

«Халық бұл жобаға қызығушылық танытып отыр. Алғашқы жеке қосалқы шаруашылық базасында «Жарық» ӘКК құрылды. Оның 46 үлескер мүшесі бар, жалпы мал саны – 270 бас ірі қара. Кооперативке өз тарапымыздан 800 гектар шамасында жер телімін алуға көмектестік. Біз АӨК-ке бұдан ары қарай да жәрдемдесіп тұрамыз», – дейді Сәлім Құстұртов.

Сонымен қатар, жақын арада Жиренқопы ауылдық округінде «Марат» ШҚ, Жарсай ауылдық округінде «Алтын дала» ШҚ, И.Білтабанов ауылдық округінде «Санақ» ШҚ, Бұлақ ауылдық округінде «Қазақ асылдары» ЖШС, Жарық ауылдық округінде «Ұлар» ШҚ, Терісаққан ауылдық округінде «Найман» ШҚ базасында 6 АӨК құрылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер