astana-view

Алматыда мегаполис бизнес-қоғамдастығының жүйелік проблемалары талқыланады

2016 жылғы 06 Сәуір
4697 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің және Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің біріккен отырысында мегаполис бизнес-қоғамдастығының жүйелік проблемалары талқыланады. 

Күн тәртібінде – қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына арналған коммуналдық меншік нысандарын жалға алу құны, кәсіпкерлердің Алматы қ. қылмыстық қудалау органдарының әрекетсіздігіне шағымдары, «Тоспа су» МКК-ның, сәулет және қала құрылысы басқармасының, Алматы қ. Мемлекеттік кіріс департаменті аудандық басқармаларының құқыққа қайшы әрекеттері және басқа да экономикалық қызмет саласындағы жүйелі құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер.

Іс-шараға "Атамекен”  ҚР ҰКП-ның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы өкілі, ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ғани Қасымовтың және Қазақстанның Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі өкілі Болат Палымбетовтың төрағалығымен Алматы қ. кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Тілек Байғабылов, Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Юрий Тлеумуратов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов, Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Марат Сұлтанғазиев, Алматы қаласы сәулет және қала құрылыс басқармасының бастығы Ғабит Садырбаев, Алматы қаласы ІІД бастығы Серік Күдебаев, "Алматыжарнама" ЖШС бас директоры Сұлтанбек Сыздықов, сонымен қатар, Алматы қаласының қоғамдық ұйымдары, іскерлік қауымдастықтары мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады.

Өтетін күні: 2016 жылдың 7 сәуірі.

Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі, 111 үй, 5 қабат.

Одан бөлек, сағат 14.00-де отырысқа қатысушылар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Жазылбековпен, Айткүл Самақовамен, Артур Платоновпен, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ю.Тілеумұратовпен, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қ.Құдайбергенмен қазақ және орыс тілдеріндегі түсіндірмелерімен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер