astana-view

Көрікті мекен – Шығыс Қазақстан

2016 жылғы 08 Сәуір
20204 просмотров

«Атамекен» ҰКП-да ШҚО-дағы туризм мәселесі ортаға салынды

ҚР туристік әлеуеті бар өңірлер мәселелері мен Жол карталарын жасап шығару жөніндегі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Туристік сала комитетінің отырысында Шығыс Қазақстан облысының көрікті жерлері таныстырылды.

ШҚО-ның тиімді экономикалық-географиялық орналасуы, ондағы ландшафттың алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштерінің болуы, көлік-логистикалық инфрақұрылымның болуы (т/ж, өзен және әуе транспорты бар) өңір басымдықтары ретінде айтылды.

Облыстағы туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалар да жоқ емес. Мәселен, демалыс орындарына (Алакөл, Рахман қайнарлары, Аюда, Үлкен Нарын) апаратын автожолдардың сапасы жақсы емес және қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Сонымен бірге, Березовка, Кедровка, Радово, Поперечное, Серый луг және Климовка секілді 6 демалыс базасында электр беру желілері жоқ. Демалыс орындарын салу мен қалпына келтіруді субсидиялаудың қолға алынбауы көп нәрсеге тежеу болуда, осыған байланысты мемлекеттік қолдау құралын қайта жасап шығару қажеттілігі туындап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасындағы өнеркәсібі дамыған өңір саналады. Мұндағы басты экономикалық сала – түсті металлургия. Сонымен бірге машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тағам өнеркәсіптері де дамыған. Облыста минералды-шикізат ресурстарының біраз бөлігі бар. Ең басты байлық – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек кездесетін асыл металдар бар полиметалл рудалары.

«Шығыс Қазақстан – бұл нағыз қазына, Қазақстандағы демалыс пен туризмге арналған танымал орын. Мұнда әркім жанына жақын нәрсемен шұғылдана алады: балық аулауға болатын өзендер мен көлдер, аң аулау, рафтпен жүзу, пантоемдеу, демалыс базалары мен шипажайлар», – деді ҰКП экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Оксана Жиликова.

Ол сонымен бірге Жол картасы бойынша даярлау және түгендеуді өткізу жөніндегі жұмыс 2 аптадан соң аяқталатынын жеткізді.

Жиын барысында әр облыс өзінің қабылдау карточкасын жасауда (визитная карточка) автомобиль жолдарында ескерсе деген ұсыныс айтылды. Бұл ескерту хаттамаға енді.

Еске сала кетсек, туризм мәселелеріне қатысты өткен алдыңғы кездесуде Палата басқармасы төрағасы Юлия Якупбаева барлық өңірлерге  туристік нысандарды  түгендеп, ішінен ең көріктісін таңдау туралы ұсыныс тастаған болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер