astana-view

Мемлекеттік қызмет туралы сауалға толымды жауап беріледі

2016 жылғы 11 Сәуір
- Астана қаласы
8476 просмотров

14 сәуір күні Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында астаналық азаматтарды және кәсіпкерлерді мемлекеттік қызметке қатысты сауалдармен қабылдайды

Бұл күні жоспарланып отырған кеңестің бәрін ҚР Мемлекеттік қызмет министрлігі департаментінің Астанадағы өкілдері береді. Бұл топты департамент басшысы Тілеген Төлегенұлы Қасқин бастап келеді.

Қоғамдық қабылдау таңғы 10.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А» үйі, 4 қабат, конференц залда өтеді.

Бұл ведомствоның құзырына мемлекеттік қызмет аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қадағалау кіреді. Оған қоса мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, жемқорлық туралы ескерту, орталық мемлекеттік органдардың өңірлік бөлімдерінің қызметін үйлестіру, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарды қадағалау, мемлекеттік қызметтің заңдылығын сақтау туралы істерді ұйымдастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу туралы жүйенің негізін қалау, жемқорлықты тудыратын себеп пен салдарды кемітуге күш салу.

Департамент қызметіне мемлекеттік қызмет аясына стратегия мен қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру кіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында электронды қызметтен басқа қызметкерлерді тиімді басқаруды бағалау, өз құзырына тиісті бақылау, қадағалау, қызмет көрсету, реттеу жүйелерін жүзеге асыру.

Оған қоса Департамент еңбекақыны төлеу жүйесін жетілдіру бойынша да ұсыныстарды дайындайды. Мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтің саяси және әкімшілік кадр құрамының ахуалына мониторинг жасап отырады. Бірегей автоматты мағлұматтар базасын құруды үйлестіру бойынша жұмыс атқарады. Әкімшілік қызметтегі мемлекеттік қызметеркерді дайындау, қайта дайындау, біліктілігін көтеру, шетелде оқыту мәселесі бойынша істі үйлестіреді, мемлекеттік қызметтің «А» корпусына резерв дайындау кезінде азаматтардың жеке мінез құлқын бағалауды жүргізеді.

Осы қабылдауға қатысты барлық сауалдарды мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: s.muzhikov@palata.kz (кәсіпорын атауы мен байланысу мәліметтерін осында қалдырсын).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер