astana-view

Қазақстанда жасалған: сапа белгісі бар

2016 жылғы 13 Сәуір
- Ақмола облысы
10542 просмотров

Былтыр «Родина» агрофирмасы» ЖШС 12 жарым мың тонна сүт сатқан

Сонымен бірге жылдық жиынтық өндіріс көлемі 5,2 млрд. теңгеге тең болған, ал мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі 41%-ды құраған.

Осылайша қожалық астананың азық-түлік белдеуін жасауда елеулі үлес қосып отыр. Мұндағылар ұлттық даму бағдарламасына сәйкес өндірісті бұдан кейін де ілгерілете түспек ниетте.

Өзінің озық технологияларымен аты шыққан сүт зауытында тәулігіне 50 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Орташа есеппен қожалық күн сайын астанаға 35 тонна өнім жеткізеді екен, алайда бұл сүт көлемі Астана қаласы нарығының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл мәселені агрофирма өз шикізаттық базасын арттыру арқылы, мынадай қағидаларға сүйене отырып шешуде: тек табиғи шикізатты пайдалану, технологиялық режимдерді сақтауды бақылау, жоғары өндірістік мәдениет, өнімді қолжетімді бағамен сату. Осының арқасында кәсіпорын өнімдерін пайдаланатын тұтынушылар ауқымы кеңейе түсіп, өнімдер жоғары сұранысқа ие болып отыр.

«Бүгінде «Родина» агрофирмасы өзге сүт өңдеушілермен салыстырғанда анағұрлым табысты, себебі өз шикізатын жаңа сауылған кезінен бастап өңдеуге кіріседі. Өндірілетін өнімдер ассортименті (сүт, айран, қаймақ, майлы айран, қышқылсүтті сусын, кілегей, ірімшік, сары май) ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталған. Үздік нәтижелерге ең үздік заманауи технологиялар синергиясын ғылым мен тәжірибемен ұштастыру арқылы қол жеткізіп отыр», – дейді кәсіпорын директорының директоры Андрей Веревкин.

Ең жаңа технологиялармен және 12 минутта 50 сиырды бір мезгілде саууға мүмкіндік беретін «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған сүтті мал шаруашылығы кешені пилоттық жоба ретінде 2007 жылы құрылған. Сонымен бірге, бір сауын сиырынан алынатын сауым 7000 кг-ға тең. BauMatik идентификациялық жүйесі арқылы малды өткізген кезде автоматты түрде ақпарат алынып, ол DairyPlan компьютерлік бағдарламасына жазылады. Бұл жабдықтардың барлығы WestfaliaSurge неміс фирмасының мамандарымен әкелініп, орнатылған.

Әр жануардың жеке жеті таңбалы код-респондері бар. 800 бас ірі қараға арналған заманауи сиыр қоралар – малдарға арналған малды байламай бос ұстауға мүмкіндік беретін мал қора және мал бағушылардың еңбек шартын жақсартуға бағытталған жаңа технология.

Аса сүтті мал тұқымын сатып алу (Канада мен Австриядан әкелінген  гольштейн тұқымдас 892 құнажын) және заманауи сүт кешенін салу  ауқымды шикізат базасының болуына жол ашты. Түрлі жастағы ірі қараларға арналған үйлестірілген толық мөлшердегі қоспажемдер даярлайтын комбикорм зауыты салынған.

Андрей Веревкиннің айтуынша, биыл 1000 бас ірі қараға арналған тағы бір сүтті мал шаруашылығы іске қосылмақ. Сондай-ақ гольштейн тұқымдас тағы 400 бас ірі қара мал сатып алу көзделіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер