astana-view

Бизнеске қысқа мерзімді несиеден пайда аз

2016 жылғы 13 Сәуір
9569 просмотров

Мәжілісмендер банктерді ұзақ өтімділікпен қамтамасыз ету перспективаларына алаңдаулы

Теңге өтімділігінің, әсіресе, ұлттық валютадағы қолжетімді несиелердің тапшылығы «Ақ жол» партиясы фракциясының Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің және Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің атына жолдаған депутаттық сауалына негіз болды.

Осы тұрғыда мәжілісмендер жекелей берілетін несиелер бойынша «пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығы соншалық, кез келген өндірістік қызметтің пайдасын жоққа шығарады және бизнесті нақты сектордан кетуге және жат елдің тауарларын қайта сатумен айналысуға итермелейді» деп, атап көрсеткен.

«Сарапшылар өтімділікті шектеу девальвацияға қарсы қимыл жасауға арналады дейтін ұйғарым айтуда.  Мұнда, әрине, қандай да бір қисын бар: егер ақша айналымын мүлдем жойып тастаса, онда девальвацияға ұшырайтын да ешнәрсе қалмайды емес пе», – деп депутаттардың сауалына жауап ретінде  ащы әзіл айтса да, бұл жағдайда «индустрияландыру туралы да, жаңа бизнес-жобалар жайында да» ұмытуға тура келеді дейді.

Одан бөлек, депутаттардың пікірінше, банктер қысқа мерзімді теңгемен банк жүйесінің өзіндегі өзгерістер есебінен емес, керісінше, «ең алдымен, мемлекет көрсетіп отырған орасан зор қаржылық және реттеушілік қолдаудың арқасында» қамтамасыз етіліп отыр.

«Бірақ, қысқамерзімдік өтімділік инвестициялық несиелендіруді және индустрияландыру мен экономиканы әртараптандыру аясындағы өндірістік жобаларды дамытуды қамтамасыз етпейді», – деп атап көрсетілген сауалда.

Мәжілісмендер Үкімет пен Ұлттық банк басшыларына несиелеу нарығындағы ұзақ өтімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат беріп отыруды ұсынды. Бұл тұрғыда, «экономика үшін несиелеуді арзандату және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін төмендету міндеті» қарастырылып отыр ма деген сұрақ  та маңызды.

Сондай-ақ, депутаттарды «Үкімет пен Ұлттық банк жаңа экономикалық нақтылыққа барабар банк және қаржы жүйесін реформалау жөнінде шешімдер әзірлеу үшін қандай шаралар қабылдауға даяр» екендігі қызықтырады.

«Және де мемлекеттік қолдауға ғана емес, сонымен қатар ішкі ресурстарға және банктер мен қаржы ұйымдарының өздерінің тиімділігін көтеруге сүйену қажет», – делінген депутаттық сауалда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер