astana-view

Париж қазақстандық бизнеске есігін айқара ашты

2016 жылғы 15 Сәуір
8375 просмотров

Осы күндері Франция астанасында «Қазақстанмен кездесу» атты инвестициялық форум өтуде

Оны Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Франция мемлекеттік «Business France» ұйымы ұйымдастыруда.

Ірі бизнес-алаңға Францияның 60-тай орта және ірі компанияларымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері де қатысуда.

«Әлемдік аренада қазақстандық инвестициялық бизнес-климаттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда оны әлемдік жетекші тәжірибелерге сай жақсартуға барлық жағдайлар жасалған. Елдегі бизнес-қауымдастық франциялық әріптестермен әріптестік орнатып, олардың табысты тәжірибелерін қабылдауға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын. Осыған байланысты, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қос ел арасында сенімді әріптестік орнату үшін байланыстырушы көпір қызметін атқаруға әзір», – деп атап өтті Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Қанапия форумда жасаған баяндамасы барысында.

Ол сонымен қоса, франциялық кәсіпкерлерге экономиканың  әлеуетті салаларына инвестиция салуда көрсетілетін жеңілдіктер, патенттік құқықтар мен инвестицияларды қорғау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, Doing Business 2016 рейтінгісінде ҚР-ның позициясын көтеру және мемлекеттік сыңайлы компанияларды жекешелендіру туралы айтып берді.

Франциялық ірі бизнес өкілдерінің бірқатары және  Қазақстандағы ЕҚҚДБ басшысы Жанет Хекман ханым Қазақстанда жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Францис Этьенн мырза Қазақстан Республикасындағы француз бизнесіне жасалған зор мүмкіндіктерді атап өтті әрі бизнесмендерді Қазақстанға шақырды.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы форумының соңында В2В үлгісіндегі екіжақты кездесулер өткізіліп, бірқатар компаниялар Қазақстанға келуге тілек білдірді, іскерлік миссияны жүзеге асыру үшін ССП-ға ақпарат пен ұйымдастыру жағынан қолдау беруге өтініш жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер