astana-view

Астана бизнесмендеріне 2 млрд. теңге тұратын жоба ұсынылуда

2016 жылғы 19 Сәуір
7755 просмотров

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектеп құрылысына қатысуға тілек білдіруші астаналық кәсіпкерлер осы жылдың 18 мамырына дейін өтініш беруі қажет

Астана қ. әкімдігі жанынан құрылған «СПК «Astana» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, астананың Ш.Қалдаяқов және Ж.Нәжімеденов көшелерінің қиылысындағы ауданда 900 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Оның құрылысына 2 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалатын болады. Осылайша, компания өз қызметінің ашықтығын көрсетіп отыр және аталған жобаны іске асыруға отандық және шетелдік кәсіпкерлерді тартуға ниетті.

Осы жобаға қызығушылық танытқан тұлғаларға «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту компаниясы» ЖШС-ның бас сарапшысы Нұрсұлтан Мұхамедкәрімовке хабарласуларын сұраймыз.

Жұмыс тел.: +7 7172 27 85 46
Ұялы тел.: +7 707 543 32 30
Мекен-жайы: Астана қ., Теммірқазық к., 65

Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер