astana-view

«Іскерлік ахуал» рейтингіндегі өңірлердің жағдайы

2016 жылғы 19 Сәуір
- Маңғыстау облысы
6170 просмотров

2015 жылы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша дайындалды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысымен жасалған «Іскерлік ахуал 2015» атты әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бірқатар БАҚ беттерінде жария болғандықтан келесі түсіндермені ұсынамыз.

Бүкіл ел аумағын қамтыған «Іскерлік ахуал 2015» әлеуметтік сауалнамасының тапсырыс берушісі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Сауалнаманы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеу институты жүргізді. Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың шарттарын зерттеу мақсатында жасалған бұл рейтинг өңірлердегі мемлекеттік қолдау қандай деңгейде екенін анықтауға септесті.

Зерттеу 2015 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айлары аралығында өтті. Респондент саны 4600 кәсіпкерді құрады.

Айтпағымыз, бұл нәтиже ақырғы нүкте емес. Сондықтан кәсіпкерлік ортаның толыққанды бағасын көрсетпейді. Жыл сайын бұл зерттеу ары қарай жетілдіруді талап ететін болады. Респондент санын ұлғайту керектігін есепке алады.

Әлеуметтік тәжірибе бағалаудың нәтижесі тиянақты емес деген дүдәмал ойды туғызады. Жасалған статистика өңірлердегі нақты жағдайдың көрінісі емес. Кей өңірлерде атқарушы биліктің кәсіпкерлерге көрсеткен бар қолдауын жоққа шығаруы да ықтимал.

Мәселен, Маңғыстау облысында атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасында ашық диалог жүргізіліп жүр. Екі жақтың бірлесуімен, елдегі ең ірі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда кәсіпкер инвесторларға қызмет көрсете алады, консалтингті, рұқсат қағаздарын қабылдап-шығаруды үйренді, ауыл кәсіпкерлерін қолдайтын микроқаржы ұйымдары құрылды, бірқатар компанияның басшысын жүйелі түрде заманауи менеджментке үйретті.

2016 жылы зерттеуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары да қатысады. Өңірдегі жағдайдың ахуалын нақты тиянақтау үшін респонденттер санын көбейту жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер