astana-view

Қазақстандағы Қытай туризмі жылы басталмақ

2016 жылғы 25 Сәуір
13593 просмотров

Екі ел ҚХР туристерін қабылдап алуға және қайтаруға жауапты туроператорлар тізімімен алмасып та қойды

2016 жылдың 1 шілдесі «ҚР-дағы ҚХР туризмі жылы» аясында ресми түрде қытай туристерінің Қазақстанға келу күніне айналмақ деп хабарлайды Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұндай келісім 2015 жылдың 14 желтоқсанында Пекин қаласында қол қойылған «ҚР ИДМ мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма арасындағы қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарын жеңілдету және туристік лектің санын арттыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум» негізінде жасалып отыр. Қытай тарапына Аспан асты елінің азаматтарын қабылдап алуға уәкілетті қазақстандық туроператорлар тізімі жіберілді. Ал қытайлық тарап болса, елімізге келуге жиналған туристік топтар құруға жауапты жергілікті туроператорлар тізімін беріп қойған. Сонымен бірге олар Қытай құзыретті органдарына Қазақстанмен жасалған осы меморандумды іске асыра бастағаны туралы хабарлама жіберу қолға алынғаны туралы құлағдар етті.

Алғашқы қытай туристік топтары Қазақстанға ҚХР Синьцзян-Ұйғыр ауданы арқылы келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ, Қытай мен Қазақстанның ірі туристік операторларының өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастырмақшы. Кездесудегі басты тақырып Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы, меморандум аясында қытай туристік топтарының ҚР-на келуін ұйымдастыру, қытай туристерінің ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуы мен Қазақстандағы Қытай туризмі жылын өткізу мәселелері болды.

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде Қытайға ең үлкен көрме павильоны берілетінін айта кету керек. Сонымен бірге, қытайлық тарап, ЭКСПО – 2017 көрмесінің ресми түрде қатысатын растап қойған өзге де қатысушыларымен тең дәрежеде ЭКСПО қатысушылары мен олардың отбасыларына арналған жеңілдіктерді пайдалана алады. Тиісті құжатқа Елбасы қол қойған.

Қазақстан турист-инвесторлар үшін ынталандырмалар мен жеңілдіктер жасап отырғанын айта кету керек. Бұл мәселелер Қазақстан Үкіметінің 2016 жылдың 7 сәуіріндегі №190 қаулысында айтылған.

«Австралиялық одақ, Венгрия, Монако Князьдігі, Бельгия Корольдігі, Испания Корольдігі, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия, Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративті Республикасы, Финляндия Республикасы, Франция Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Жапония азаматтары Қазақстан Республикасына 2015 жылдың 16 шілдесінен 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін егер олардың Қазақстанда болу кезеңі мемлекеттік шекараны өткен кезден бастап он бес күнтізбелік күннен аспаған жағдайда кіре және шыға алады»,  делінген қаулыда.

Тізімде көрсетілген мемлекет азаматтары іскерлік мақсаттармен Қазақстан Республикасында он бес күннен артық уақыт қалу үшін өтініш  беру кезінде ішкі істер органдары «іскерлік» категориясы бар 30 күнтізбелік күнге жарамды визалар береді. Бұдан бөлек, 90 күнтізбелік күнге жарамды «инвесторлық» визалар да берілуі мүмкін. Ол үшін инвестициялар жөніндегі өкілетті органның тізімде көрсетілген мемлекеттер азаматтарының инвестор дәрежесін растайтын өтініші болуы керек.

Жанар Сердалина

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер