astana-view

Өңірлік кеңестердің кездесуі: бірлесіп әрекет ету

2016 жылғы 25 Сәуір
- Жетісу облысы
8827 просмотров

«Қорғас» халықаралық кедендік серіктестік орталығында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешуге арнайы комиссия құрылмақ

«Қорғас» ХКСО құрылғалы бері кәсіпкерлердің елде жоқ ерекше диалог алаңына айналып үлгерді. Орталықта іскерлік кездесулер мен жиындарды өткізу игі дәстүрге айналды.  

Өткен жексенбі күні «Қорғас» алаңында «Қорғас» ХКСО мен «Алтынкөл» кедендік бекеттің басшылары қатысқан Алматы қаласы мен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті. Жиынға одан басқа Қарағанды облысы мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшелері, «PROFI-T» тиімді басқару мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің бастығы, палатаның Еуропалық сауда өнеркәсіп өкілдері қатысты. Жиынды Алматы облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова мен Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков жүргізді.

«Бүгінгі кездесу екі өңірдің өңірлік кеңестерінің өкілдері арасындағы серіктестіктің өзгеше алаңына айналып отыр. Әсіресе, мұнда Қарағанды мен Астана өкілдері қатысып отырғаны қуантады. «Қорғас» халықаралық кедендік орталығында барлық мәселені шешіп, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар аламыз, келешектегі дамудың алғышарттарымен танысамыз деген сенімдеміз», – сөз бастады Р.Салықова.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылып, талқыланды. «Қорғас» пен «Алтынкөл» кедендік бекеттерінің өкілдері соңғы кездегі логистикалық қызмет көрсетудің, тауар мен көлік транзитіне қатысты өзгерген шарттарын баяндап берді. Кәсіпкерлердің ойынша, тауардың салмағы артып кеткендегі өтемінің бағамы, валютаны қолдану, қаржылық ұйымдардың қызметі мен поштаның ақысы, қаруды тасымалдау мен құрылыс заттарын тасу, және т.б. мәселелер әлі толық шешімін таппай отыр.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықованың пікірінше, осы және басқа да сауалдардың тиісті шешімін табу үшін, кәсіпкерлердің түйінді сұрақтарын дұрыс үйлестіріп, шешіп отыру үшін арнаулы комиссия құру керек.

«Ол комиссия «Қорғас» кедендік орталығында туындаған түйткілді мәселелерді дұрыс шешуге септесетін болады. Комиссия құрамына Алматы облысы кәсіпкерлер палатасынан, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасынан және «Қорғас» кедендік орталығынан үш өкіл кіреді», – деп атап өтті Р.Салықова. 

Ерлан Стамбеков «Қорғас» Алматының іскер адамдарын несімен тартады деген сауал тастай отырып, «Бизнес-Мен» деген жоба аясында серіктес болайық деп ұсыныс айтты.

«Біз іскерлерге арналған «Бизнес-Мен» деген қосымша жасадық, оны кәсіпкерлер бірі қалмай жүктеп алып жатыр. Осы қосымшаның ішінен «Қорғасқа» арналған бүтіндей бір тарау жасай аламыз. Сол арқылы кәсіпкерлер жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын, тұтынудың көлемін біліп отыратын болады», – деп Алматыда «Қорғастың» жекелей тұсаукесерін жасауға болатынын түсіндірді өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің басшысы. 

«Қорғас» халықаралық кедендік серіктестік орталығының бірінші вице-президенті Сәкен Естай орталыққа сауда-ойын сауық кешендері, мәдени, танымдық жобалар маңызды дегенді айтты.

Алматы облысы мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік басшылары өз сөздерінде ауылшаруашылық кооперациялардың дамуы мен оларды қолдау шарттары туралы айтып берді.

«PROFI-T» тиімді басқару мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің бастығы Гүлнар Құрбанбаева «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының артықшылығына арналған талдау мен Инвестиция мен даму министрлігінің экспорт құрылымы бойынша жасалған артықшылықтар арасында айырмашылық бар екенін айтты.

«Бұны айту себебім, инвестиция мен экспорт қуаты бойынша мемлекеттік саясаттың әлдеқайда тиянақты талдау жасауы маңызды. Импорт автокөліктерін тіркеуден өткізу мен кәдеге жарату сомаларын ұлғайтудың негізі туралы мәселені шешу керек. Сол үшін өңірлік палаталарға осы кәсіпке қатысты кері әсер етіп жатқан жеке жағдайларды жинақтау керек. Осындай талдауды Инвестиция мен даму министрлігінің және ҚР Үкіметі мен депуттық корпусы назарына ұсынып, олар талқылап шығуы керек», – деді Құрбанбаева.

Кеңейтілген жиын барысында халықаралық кедендік серіктестік орталығындағы жобалардың тұсаукесері тамашаланды. Оған қоса сауда-көрме кешенін, келесі жылы іске қосылатын  «Қолөнершілер қалашығын» аралап шықты.

Өңірлік кеңес мүшелері «Қорғастағы» қытай-қазақ кәсіпкерлерінің форумына қатысты. Қорғас қаласының әкімі мен ХКСО басшысы келген қонақтарға жүзеге асып жатқан жобалар қақында, қазақ-қытай арасындағы өзара қарым-қатынас тетіктері туралы айтып берді.

«Бас жоспарға сай сауда-ойын сауық кешендері, спорттық, мәдени орталықтар, концерт залы, мұражай, демалу орындары, танымдық-ғылыми қызметке арналған құрылыс нысандарының орыны қарастырылған. Бүгінгі таңда 55 инвестициялық жобалардың арасынан жалпы сомасы 263 млрд теңге тұратын 35 жоба іріктелді. Жыл өткен сайын мұнда келушілер саны өсіп келеді. Егер 2014 жылы халықаралық кедендік серіктестік орталығына 1 миллион 500 мың адам келсе, былтыр мұнда келушілер саны 2,5 миллионға дейін өскен. 2018 жылға дейін бұл көрсеткіш 6 миллионға жетеді деп отырмыз, сонда ол шекара аймақтық қарым-қатынастың жаңа бір белесіне айналады», – дейді «Қорғас» ХКСО президенті Василий Ни.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Чинкисбаева Шанькси провинциясындағы Сиань қаласымен инвестиция тартуға байланысты белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Серіктестіктің келешегі туралы ойларымен бөлісті.

«Қыркүйек айында Үрімжіде алғаш рет іскер әйелдерге арналған бірлескен халықаралық көрме  ұйымдастырмақпыз. Қазақстан мен Қытай өзара достық пейілде әрі тату көрші болғандықтан, тиімді экономикалық қарым-қатынаста араласатындығын ескерсек, бүгінгі кездесу екі елдің кәсіпкерлеріне де, жалпы бизнеске де жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенім мол», – деп қосып қойды Л.Чинкисбаева.

Бұл кездесудің басты нәтижесі – «Қорғас» ХКСО, Алматы облыстық ӨКП мен Алматы қалалық ӨКП бірлескен үшжақты меморандумға қол қойылды. Осы құжаттың аясында тараптар жергілікті өндірушілермен, инвесторлармен бірігіп жұмыс жасап, компанияларды отандық өнімді ішкі және сыртқы нарықта танытуға тартпақшы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер