astana-view

Бизнесті қорғау

2016 жылғы 29 Сәуір
7616 просмотров

ҰКП құрылымына жеке адамдардан келіп түсетін шағымдардың негізгі ауқымын қарастыратын Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті жұмыс істейді. Департамент сарапшылары түскен өтініштердің барлығын қарайды. Ешбір шағым жауапсыз немесе кері байланыссыз қалмайды. Бұл үшін Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті түскен өтініштерді қарау жүйесін қолданады:

  1. Кәсіпкерлермен кері байланыс орнату;
  2. Қосымша материалдарды сұрату;
  3. Проблеманы мұқият зерттеу; құқықтық қорытынды даярлау;
  4. Кәсіпкерлер құқығын қорғау үшін тиісті шаралар қабылдау.

Қажет жағдайда:

  1. Өңірлік палатаға нақты тапсырма жүктеу;
  2. Берілген тапсырманың орындалуын қадағалау.

Барлық Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында осыған ұқсас кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімдері жұмыс жасауда, онда сарапшы заңгерлер қызмет етеді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес хатшылығы бола отырып, Департамент Кеңес отырыстарының толық ұйымдастырушылық және құқықтық қолдауын жүзеге асырады және қаралатын мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар даярлайды.

Кеңес пен Департамент атқаратын жұмыс  тәсілдері арасында прокуратура органдарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру маңызды болып саналады. Кәсіпкер мәселесі бойынша ҰКП тарапынан көрсетілетін толық құқықтық есеп, қорытындылар мен күтілетін нәтижелер заңнаманың сәйкес нормаларына жасалған сілтемелермен бірге прокуратура органдарының қандай бір проблеманы мұқият қарауын қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде ҰКП-ның көптеген өтініштері бойынша прокуратура органдары прокурорлық ықпал етудің тиісті шараларын іске асырады, оның ішінде сот актілеріне наразылық білдіру, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ұсыныстар енгізу. Ұлттық палата Бас прокуратураға түскен бақылау наразылығын таныту туралы өтініштерді қолдау механизмін жасап шығарды.  Бұл механизмнің ықпалдылығы Департамент сарапшыларының салмақты уәж айтуымен қамтамасыз етіліп отыр.

Департамент кәсіпкерлік субъектілері құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ҰКП құрылымындағы басты бөлім болып саналады.

Ортақ статистика

Қоғамдық мониторингтер

Жер қатынастары мәселелері

Салықтар, кеден, көлік, атқарушы өндіріс

Жемқорлыққа қарсы күрес

Салық мәселелері

ПҚР ҰКП-ға 2015 жылы келіп түскен кәсіпкерлер өтініштері бойынша жағымды кейстер

 

Бизнесті заңды қорғау мәселелері бойынша сарапшылармен жедел байланысу үшін Өңірлік палаталарға жүгініңіз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер