astana-view

Кәсіби кеңес мәселені шешуге ықпал етті

2016 жылғы 03 Мамыр
- Жетісу облысы
8570 просмотров

Палата сарапшылары бірқатар компаниялардың мәселелерін шешуге ықпал етті

Мемлекеттік және жергілікті орган алдындағы мүддесін және құқын қорғау мақсатында Алматы облысының үш компаниясы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Мәселен, «ТабысАгро» компаниясы Талғар ауданы әкімінің жер телімін пайдалануға рұқсат бермеген шешіміне өзінің наразы екендігін айтады. 2014 жылдың маусымында әкімдіктің шешімімен ЖШС-ға 360 гектар жер телімін бөлу туралы қаулы шыққан. Сол күннен бастап компания жер телімінің мемлекеттік актілерін алуға тырысқан. Алайда, мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінген компания ақырында еш нәтиже шығара алмаған. Екі жылдан соң ғана Талғар аудандық әкімдігі «ТабысАгро» ЖШС-ға жер телімін бөлуге байланысты қаулыны жою туралы шешім қабылдайды. Ал, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетіне қатысты кәсіпкердің дәлелдерін тыңдайтын ешкім табылмапты.

«Жер телімін пайдалануға рұқсат етпеу мәселесіне Жер кодексінің жер телімдерін игеруге құқық беруге арналған 48 бабының 1-тармағы негіз болған. Сондай-ақ, кәсіпкерге екі жыл бойы мемлекеттік актіні бермей қою заң бұзушылықтың орын алғандығын дәлелдейді. Егер кәсіпкерге өз уақытында актіні тапсырғанда жер телімін беру туралы қаулыны жоюға тура келмес еді. Компания осы іске байланысты мәселелерге көмек көрсетуін сұрап Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келді», – дейді Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Канат Қабдиев.

«Асыл-Адал» мен «Novarenosa» инвестициялық-инновациялық және өнеркәсіптік копаниясының өкілдері туризм және шикізат экспорты  бойынша кеңестер алды. Сонымен, кәсіпкерлер болашақта Іле-Алатау қорығының туризмін дамытуға ынталы екен. Сарапшылар кәсіпкерлерге облыстық туризмді дамыту механизмін, мемлекеттік қолдау мен соған сай әрекет етуші заңнамалар туралы мәліметтер берді. Облыстың  табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалану басқармасының басшыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аталған компаниялар жақын арада Еуропа мен Францияға саңырауқұлақтарды жеткізуді жоспарлап отыр. Оларға сарапшылардың тарапынан оларды жинау, тасымалдау және өнімді сертификаттау жөнінде кеңес берілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер