astana-view

Энергетиктер әлеуметтік сұхбатқа дайын

2016 жылғы 16 Мамыр
10134 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және «Профхимнефтехим» ҚБ энергетика саласында екі жылға арналған салалық келісімге отырды

Құжатқа «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен «Профхимнефтехим» ҚБ төрағасы Керім Пірімқұлов қол қойды.

Салалық келісімдерге отыру, мемлекетті әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асырудағы тактикалық қадам және сала деңгейіндегі әлеуметтік серіктестіктің пәрменді тетігі саналады.

«Салалық келісім саладағы әлеуметтік диалогты жүргізуге арналған бірнеше бағыттар бойынша негіз  қалыптастырады. Мысалы, жұмыс берушілер мен жұмысшылар мүддесін әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тепе-теңдікке жету бойынша, әлеуметтік-еңбек қақтығыстары мен ереуілдердің алдын алу және болдырмау бойынша, саладағы еңбекақы жүйесінің негізгі қағидалары турасында келісім жасау, салалық біліктілік аясын қалыптастыру, кәсіби стандарттар жасап шығару және т.б. бойынша», – деді Нұржан Әлтаев.  

Оның айтуынша, Ұлттық палата лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ету және адам капиталын дамыту мәселелері жөнінде бірізді жұмыс жасауда.

«ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу тәжірибесі, жұмысшыны кәсіптік қауіп-қатерлерден әлеуметтік сақтандыру, еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру, өз ішіне дуалды оқыту жүйесін енгізуді қарастыратын кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау, кадрларды сертификаттау жүйесін қалыптастыру секілді әлеуметтік жауапкершілік аспектілерін қолданысқа енгізу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер