astana-view

Абылай Мырзахметов: «Шағын бизнеске шағын индустриалды парктер қажет»

2016 жылғы 19 Мамыр
- Қызылорда облысы
10226 просмотров

Дайын инфрақұрылым шағын және орта кәсіпкерліктің талай проблемасын шешіп бермек

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысқан Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында  индустриалды аймақтар негізінде шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының тиімділігі жайында сөз қозғалды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз сөзінде осы тақырыпты көтеріп, неліктен шағын бизнеске арналған инфрақұрылым ретінде ангарлар мен пайдаланылмайтын ғимараттар жарайтынын түсіндіріп өтті.

Ұлттық палата басқармасының басшысы «Атамекен»  ШОБ үшін қандай инфрақұрылым қажет екенін анықтау үшін Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасын басшылыққа ала отырып, талдау жүргізгенін айтып берді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасында көрсетілгендей, бүгінгі күнге дейін инфрақұрылымға 13 млрд теңге бөлінген. Алайда, мына нәрсеге назар аударған жөн. Мысалға кәдімгі наубайхананы алып қарайық. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында инфрақұрылымға оның бір жылғы шығыны 5 еседен астам қаржыны құрайды. Ал, дайын ангар болса, наубайханамен қоса, мұнда тағы бірнеше өндірістік нысандарды ашуға болады. Біз бұл мәселені Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаевамен талқыладық, және де ол бұл идеяны қолдады. Енді бағдарлама аясында инфрақұрылыммен бірге ангарлар да салынатын болады. Ал, біз өз кезегімізде, жобаларды сүйемелдеуде көмек көрсетеміз. Бұл, бір жағынан, шағын кәсіпкерлік үшін дайын инфрақұрылым, ал, екінші жағынан, отандық құрылысшылар үшін қосымша жұмыс», – деді осыған орай ҰКП  Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Қазіргі уақытта өңірде аудан орталықтарында индустриалды аймақтар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жеті ауданда 4 индустриалдық аймақ қызмет етеді. Қалған аудандарда жер телімдері бөлінген, қазір инженерлік коммуникацияларды жүргізу жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда қаласында аумағы 760 га индустриалдық аймақ пен 44 гектарлық өнеркәсіптік алаңқай жұмыс істейді. Облыстың кәсіпкерлер палатасы әзірленген кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы аясында бөлінген жер учаскелерін игеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер