astana-view

ЕАЭО жетекші бизнес-қоғамдастықтарының кездесуі өтеді

2016 жылғы 20 Мамыр
6389 просмотров

24 мамыр күні Астана қаласында Еуразия экономикалық одағы Іскерлік кеңесі Төралқасының отырысы өтеді

Өткен жылдың мамырында Астанада «Атамекен» ҰКП бастамасымен құрылтайшылары ЕАЭО елдерінің жетекші бизнес-қоғамдастықтары болып табылатын ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесін құру туралы Келісімге қол қойылған болатын. Құрылтайшылар – Арменияның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы (жұмыс берушілер),  «Беларусь Республикасының өнеркәсіпшілер мен кәсіпорындар конфедерациясы» Коммерциялық емес ұйым одағы, Қырғыз өнеркәсіпшілер мен кәсіпорындар одағы, «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпорындардың ресейлік одағы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы және «Атамекен» ҚР ҰКП.

ЕАЭО Іскерлік кеңесін құру айтарлықтай жаңалық және ықпалдастық үрдіс тереңдеген уақытта кәсіпкерлікке берілген лайықты жауап болды.

Іскерлік кеңеске Төрағалық ету Одақ құрамындығы мемлекеттердің бизнес жетекшілеріне жүктеледі. «Атамекен» ҚР ҰКП кеңеске төрағалық етушілерді шақыра отырып, оған жетекші бизнес-қоғамдастықтарының жетекшілерін, ЕАЭО Ұжым мүшелерін (министрлерді) және отандық кәсіпкерлерді қатыстыра отырып, 24 мамыр күні ЕАЭО Іскерлік кеңесінің отырысын өткізбекші.

Отырыс барысында еуразиялық интеграцияның негізгі векторы және үрдісі талқыға салынады. Сондай-ақ, Одақта кәсіпкерліктің мүмкіндіктерді толық пайдалануына және нәтижесіне келтірілетін кедергілер туралы сөз болмақ.

Күн тәртібінде Одақта ЕАЭО Кедендік кодексі жобаларымен жұмыс жасау және транзиттік қамтамасыз ету, ЕАЭО сауда саясатын қалыптастырудағы бизнестің рөлі сынды кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралады.

Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпкерлік үшін шешілмей тұрған мәселе ­– Одақ құрамындағы елдерге тауарларды транзиттік тасымалдау болып отыр. Отырыс барысында «Атамекен» ҚР ҰКП аталған мәселе бойынша Одақтың мүшелігіндегі мемлекеттердің Үкіметтеріне Іскерлік кеңестің Үндеуіне қол қоюды ұсынбақ.

Кәсіпкерлікті шоғырландыру көзқарасына негізделген  мәселелерді талқылау және оң шешімін табуға арналған әңгімелесу алаңы ЕАЭО кәсіпкерлік қоғамдастықтарының мүддесін алға бастыру құралы бола алады.

Астана қаласында өткелі отырған Іскерлік кеңестің отырысы – ЕАЭО және үшінші бір мемлекетпен сауда жасау аясында ынтымақтастық пен кәсіпкерлердің мүддесін алға бастыру үшін Одақтың іскерлік байланысын кеңейтуге жасалған оң қадам.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер