astana-view

Шеберлікте шек жоқ

2016 жылғы 20 Мамыр
10910 просмотров

Қазақстандық кәсіпорындардың тәжірибелі мамандары неміс сарапшыларына емтихан тапсырды

Германиядағы Трир қаласының Кәсіптік палатасы «Атамекен» ҚР ҰКП-мен жасасқан Кәсіби білім беру жөніндегі әріптестік жобаны жүзеге асыру туралы  келісім аясында кәсіпорын тәлімгерлерінен емтихан қабылдады.

Айта кетерлігі, тәлімгер дегеніміз – жұмыс орнында қайта қабылданған жұмыскерді немесе колледждің, жоғары оқу орнының студентін үйрету міндеттелген өндірістік кәсіпорынның тәжірибелі маманы. Сонымен бірге тәлімгер өндірістік міндеттерін, жұмыстарын қатар атқара береді.

Кәсіпорындарда неліктен тәлімгерлерге сұраныс арта түсті?

Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген кәсіпорындар оқу орындарымен өзара әріптестік іс-қимылға қосылуда.

Біріншіден, студенттер жұмыс орындарында жеңіл, қосымша күнделікті операцияларды орындай жүріп және білікті жұмыскерлерге көмектесе жүріп, кәсіпорын өнімінің немесе қызметінің қосымша құнын жасауға айтарлықтай үлес қосады.

Екіншіден, кәсіпорын өзінің жұмыс орнында студенттерге өндірістік білім беруді ұйымдастырғанда, студенттер осы кәсіпорынға тән өндірістік операцияларды игереді. Нәтижесінде, кәсіпорынның қызметкерлерді басқару бөліміне кәсіпорынның технологиялық ерекшеліктерімен танысқан түлектерді таңдап, маман ретінде жұмысқа қабылдауына мүмкіндік туады.

Сәйкесінше, жұмыс орнында білім беру бағыты табысталған мамандар кәсіпорын мен оқу орнының өзара әрекетінің алдыңғы қатарына шығады.

Кәсіпорындарды қолдау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті Трирдің Кәсіптік палатасымен бірлесіп, 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта Шымкенттің алты өңіріндегі кәсіпорындарда тәлімгерлерге арнап үш апталық оқыту курсын ұйымдастырды.

Тәлімгерлерге арналған «Кәсіптік және еңбек педагогикасы. Тәлімгерлерді аттестациялау» тақырыбындағы неміс оқу курсы бойынша Астана, Атырау, Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Петропавл қалаларының 50-ден астам қатысушысы дәріс тыңдады.

Оқытуды неміс сарапшыларымен қатар, «Базис» ҚК (Астана қ.), «Borusan-Makina» ЖШС (Қарағанды қ.), «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС (Балқаш қ.),  «Степногорск» Еуропалық мойынтірек компаниясы (Степногорск қ.), «LegaGroup» ЖШС (Қарағанды қ.) сынды қазақстандық кәсіпорындардың да мамандары жүргізді.

Оқыту жазбаша және тәжірибелік жұмыс емтихандарының нәтижесі арқылы бағаланды.

2016 жылдың 17 мамыры күні бір мезгілде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында  тәлімгерлерге арналған неміс оқу курсының қатысушыларына арналған жазбаша емтихан өтті.

Емтиханды жобаның үйлестірушісі Альберт Овер және неміс елшілігі мен консулдығының өкілдері қабылдады.

Курсқа қатысушылардың қорытынды жетістіктерін бағалау тәлімгер шеберлерді кәсіптік мамандықтар бойынша оқытатын Еуропа мен өзге де елдерде мойындалған Трир Кәсіптік палатасының халықаралық сертификатымен бекітіледі. Сондықтан, емтихан сұрақтары Трир Кәсіптік палатасында құрастырылып, қазақ және орыс тілдеріне аударылып, жабық конверттермен Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жеткізілді.

Емтихан сұрақтары қатысушылардың дуальды оқытудан кәсіпорынның экономикалық пайдасын, өндірістік білім беру әдістерін, тәлім алушыны өндірістік процестерге қосу кезеңдерін, құқықтық негіздер мен Германияның дуальды білім беру механизмдерін, дуальды оқытудағы қатысушылардың рөлін бағалауға бағытталған.

Тәжірибелік жұмыс кәсіби білім беру үшін өндірісте білім беру жағдайынан (тәлімгерлік/оқу-өндірістік жағдайдан) жазбаша жоба әзірлеуден тұрады.

Қорытынды емтихандарды тапсырған семинар қатысушылары (25 адамға дейін) тәлімгерлерге болашақ тренер ретінде қосымша курсқа шақырылады.

Кейін мультипликаторлар өз өңірлерінде және өздерінің кәсіпорындарында әріптестерін тәлімгерлікке баулитын болады. Нәтижесінде студенттерге толыққанды әрі өзара табысты дуальды білім беруге қатысу үшін қосымша кәсіпорындар әзірленеді.

Жоба материалдарымен танысу үшін немесе соған қатысу үшін фейсбуктегі «ӨКП – дуальды білім берудің ұйымдастырушысы» ҰКП мен Трир палатасының жобасы» деген топқа қосылуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер