astana-view

Жанболат Сәрсенов ҰКП Төралқасының медициналық комитетінің төрағасы болды

2016 жылғы 20 Мамыр
11922 просмотров

Комитеттің жаңа төрағасын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева таныстырды

Сәрсенов Жанболат Жәкиұлы – ірі қазақстандық және халықаралық компанияларда мол тәжірибе жинақтаған, денсаулық сақтау секторымен қоса экономиканың түрлі саласында өз қызметімен жетекшілік етіп жүрген белгілі қоғам қайраткері. И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық институтын, Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Сондай-ақ, отырыста Комитет қызметін 2016 жылға арналған басым бағыттары мен жұмыс жоспары жобасының жүзеге асырылуы қарастырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықты дамыту, тұтынушыға арналған бағытты кеңейту мен медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, отандық тауар өндірушілерді нарықтағы қолжетімділікпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлердің өндірістен тыс шығындарын төмендету сынды мәселелер талқыға салынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП қызметіндегі 2016 жылғы жұмыс Жоспарының жобаларын денсаулық сақтау саласындағы және фармацевтика саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен жүзеге асырылатын басым бағыттарды аяғына дейін жеткізу керек деген қорытындымен отырыс өз мәресіне жетті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер