astana-view

«Атамекен» - тәуелсіз комиссия сапында

2016 жылғы 20 Мамыр
9629 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау жөніндегі тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қатысты

«Атамекен» ҚР ҰКП Персоналды басқару департаментінің директоры, комиссия мүшесі Жақаев Асқар Түлекұлы президенттік «Болашақ» шәкіртақысына үміткерлердің дайындық деңгейлерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, олар шет тілін жетік меңгерген, кәсіби білімдері толыққан және шетелден білім алуға толық шешім қабылдаған. Үміткерлердің ішінде өңірлерден келген, соның ішінде ауылдық мектептердің түлектері көп.

Атап өтсек, «Атамекен» ҚР ҰКП ҚР заңнамасына сәйкес, бизнес саласының ғана емес, басымдыққа ие мамандықтарды, жоғары оқу орындары мен оқу түрлерін анықтауда қазақстандық жұмыс берушілердің (ҚР Еңбек кодексіне сай) сұранысын білдіретін ресми өкіл ретінде танылып отыр. Мәселен, «Атамекен» ҰКП «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында «Инженерлік-техникалық жұмысшыларды» жаңа бағыт бойынша магистрлік даярлаудан өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, ҰКП бағдарламаның үміткерлерді іріктеу ережелерінежәне халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тағайындауға қатысты құқықтық нормативтік актілердің бірқатар жобаларына сараптама жасады.

Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы кәсіпорындардың жетекшілерін және жұмысшыларын «Болашақ» бағдарламасының шарттары туралы хабардар етуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер