astana-view

Астанада ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті сайланды

2016 жылғы 24 Мамыр
10645 просмотров

ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасы отырысының бірінші бөлігі оның ауқымын кеңейту және жаңа президент лауазымын енгізу мәселелеріне арналды.

Биыл Іскерлік кеңес Төралқасының Төрағасы қызметін атқарудағы Тимур Құлыбаев, еуразиялық ықпалдастықтың құрылуы мен қалыптасуындағы бай тәжірибесі бар Виктор Христенконы Іскерлік кеңес президенті орнына ұсынды. Тимур Құлыбаев атап өткендей, Христенко мырзаның жоғары біліктілігі мен құзыреттілігі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер ынтымақтастығына соны серпін сыйлайтыны даусыз. Іскерлік кеңес Төралқасының мүшелері ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.

Қажетті жарғылық құжаттарда Іскерлік кеңес президентінің қызметтік міндеттерін бекіту және енгізілген өзгерістерді регламенттеу мақсатында Іскерлік кеңесті құру туралы Келісімге қайта қол қойылды. Жаңа редакцияда Келісім нормалары аталған алаңның өзара әрекеттестігінің әлеуетін кеңейтеді және Іскерлік кеңес президенті қызметінің саласын анықтайды.

Бұдан басқа, Іскерлік кеңес отырысы барысында шағын сипатта Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі арасындағы өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум ережелерінде Іскерлік кеңестің Комиссиямен ынтымақтастығы қарастырылған, соның ішінде бизнестің Одақтың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу жолымен, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлік қоғамдастықтарының қатысуымен  әр түрлі форумдар өткізу де бар.

Тимур Құлыбаев ЕАЭО аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және қағаз жүзіндегі жұмыстан Одаққа мүше елдер арасында шараларды тәжірибеде жылдамырақ жүзеге асыру қадамдарына көшу жайттарына назар аударды. 

Анықтама: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – халықаралық құқыққа ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартпен бекітілген, аймақтық экономикалық ықпалдастық жөніндегі халықаралық ұйым. ЕАЭО ауқымында тауарлар мен қызметтердің, қор мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы, экономика салаларында үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясат жүргізу бағыттары қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер