astana-view

Жолаушы қатынасы тоқтамайды!

2016 жылғы 24 Мамыр
- Ақмола облысы
6807 просмотров

Ақмола облысы өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Жарқайың аудандық филиалы жүргізген мониторингтің нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің түйткілді мәселелелері анықталды

Аудан ішінде жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкердің біраз уақыттан бері шығынға батып келе жатқандығы мәлім болды.

Төлеген Өксікбаевтың сөзінше, Тасты-Талды – Державинск бағыты жолаушылардың тарапынан сұранысқа ие болғанымен, кәсіпкерлік тұрғыдан алғанда пайдасы шамалы болып тұр.

«Бұл бағыттан ешқандай кіріс кірмек былай тұрсын, тіпті шығынға ұшырайды. Сондықтан, мен бұл жол бағытына жолаушы тасымалдауды тоқтату қажет деп шештім», – дейді кәсіпкер.

Бірақ, Тасты-Талды, Зерноград және Уалиханов ауылының тұрғындары жол бағытын тоқтатпауды сұрап отыр. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен және зейнеткерлер үшін аудан орталығына жетудің ең оңтайлы жолы.

Бұл мәселеге Өңірлік палата араласуда. ТКШ аудан бөліміне, жолаушылар тасымалы, автомабильді жол және тұрғын үй инспекциясына «Өксікбаев» ЖК-на субсидия бөлу жөнінде сұрау салынды.

«Тиісті ережелерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыты бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға болады. Ал, оған қатысты тарифтерді жергілікті құзыретті органдар тағайындайды. Өз кезегінде, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуші және қолжетімді тариф деңгейлерімен қамтамасыз ету мақсатында  ұйымдастырылатын және тұрғындардың еркін қозғалысына мүмкіндік беретін тұрақты қатынас мүмкіндігі», – деп түсіндіреді ӨКП филиалының директоры Абай Сұрағанов.

Палата бөлімшесі мен жергілікті атқарушы билік ынтымақтастығының арқасында кәсіпкер байқауға қатысуға мүмкіндік алып, нәтижесінде жеңіп шықты. Субсидия алған кәсіпкер бұрынғы автотасымалдауды жаңа жолға қойды. Осылайша, бизнес субъектісінің де, халықтың мүддесі де ескерусіз қалмады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер