astana-view

Қазақстанда өндіріп, Ресейде сатамыз

2016 жылғы 26 Мамыр
11203 просмотров

Қазақстандық шырындар, сүт, картоп пен ұн Ресейдің сөрелеріне жеткізілмек

Мұндай келісім қазақстандық жеміс-көкөніс пен сүт өнімдерін өндірушілер мен X5 Retail Group компаниясының сауда желілерімен кездесу барысында жасалды. Оны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

X5RG – заманауи бөлшек саудадағы жетекші компания. Компанияның құрамына «Пятерочка» әмбебап дүкені, «Перекресток» сауда желісі, «Карусель» гипермаркеті кіреді. Жалпы алғанда компанияның Ресей бойынша 7000-нан астам дүкені мен 37 үлестіру орталығы бар.

Қазақстандық өндірушілердің ресейлік сауда желілеріне қызығушылығы жоғары. Сондықтан В2В түрінде өткен кездесуге қазақстандық тараптан тамақ саласындағы 15-тен астам компания мен АӨК қатысты. Олардың қатарында «Нәтиже» сүт фабрикасы, «Қазақстанның сүт одағы» ЖШС, «Зенченко и К», «ФудМастер-Трейд» ЖШС,  Raimbek Group, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «Агрофирма-TNK» ЖШС, «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС, «АгроКеремет» ЖШС, «Қазақстанның картоп өсірушілері мен жеміс-жидек өсірушілерінің қауымдастығы» ЖШС, «Сага-Астана» ЖШС бар.

Кездесу соңында екі елдің бизнесмендері Қазақстанның жеміс-жидек, көкөністері мен сүт өнімдерін X5 Retail Group компаниясының сауда желілеріне тасымалдау жөнінде өзара іс-қимыл және әріптестік туралы келісімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер