astana-view

Елбасы оффшорларға салық салуды ұсынды

2016 жылғы 26 Мамыр
9123 просмотров

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қаржы институттарын деофшоризациялау бойынша шаралар қолдануды ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оффшорларға салық енгізуді және кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту үшін БҰҰ-ның ұйытқы болуымен адами капиталды дамыту қорын құруды ұсынды.

«ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, кедей мемлекеттерде жалпыға бірдей базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін ғана жылына 50 миллиард доллар қажет екен. Бұл мәселе халықаралық қауымдастықтардың ортақ күш біріктіруі есебінен ғана шешілуі мүмкін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы «кірістердің алыпсатарлық қаржылық құралдарға берілмей немесе оффшорлық аймақтарға тұрақтап қалмай, білім беруді, денсаулық сақтауды және инфрақұрылымды дамытуға қайта инвестициялауды» маңызды деп санайды.

«Бүгінде әлемдік сарапшылардың бағалауы бойынша, оффшорлық шоттарда 340 триллион доллар сақтаулы екен. Осы активтерге ең құрымағанда 1%-дық жаһандық салық енгізу дамушы елдердегі білім беру мен денсаулық сақтауды жаңа деңгейге шығарар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл салықтан түскен қаражатты «жоғарыда аталған адами капиталды дамыту қорына жіберуге» болады.

«Меніңше, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банктер жаһандық экономиканы деофшоризациялауға қатысты тиімді шаралар ұсына алар еді», - деді Елбасы.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер