astana-view

Алқап бар болса түсім бар

2016 жылғы 27 Мамыр
- Жетісу облысы
8174 просмотров

Алматы облысының Ұйғыр ауданында өрік плантациясы пайда болды

Индустрияландыру картасының жобалары алғашқы жемісін беруде. Ұйғыр ауданындағы «Шонжы Агро» ЖШС-ның жеміс алқабы сәтті жүзеге асырылған жобалардың бірі. Бұдан бір жыл бұрын кәсіпкерлер сүйекті жеміс-жидек шаруашылығымен айналысамыз деп мүлде ойламаған. Шаруалар дер кезінде Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп, оларға сарапшылар дамуға жетудің нәтижелі жолдарын көрсете білді.

«Біз «Шонжы Агро» ЖШС үшін бизнес-жоспар жасап бердік, заңгерлер болса құрылтайшылық құжаттарын әзірлеуге көмек көрсетті. Индустрияландыру картасына өндіруші ретінде тіркелуге көмек көрсетіліп, одан кейін Өңірлік несиелік кеңес компания үшін 800 гектар жер бөліп берді. Кәсіпкерлер үш жылдың ішінде аталған аумақты толық игермек. Осы жылы 100 гектар жерге өрік пен шабдалы отырғызу жоспарланған», – дейді Кәсіпкерлер палатасының Ұйғыр аудандық филиалының директоры Мүслім Амангелді.

Оның сөзінше, өңір климаты жылдың барлық мезгілінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы көктемде 30 гектар жерге жемістер отырғызылды, қалған 70 гектар жер күзге қарай игерілмек. Бір жыл ішінде 400 тонна жеміс өндіру жоспарланған. Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Дана Қалықованың сөзінше, өнімнің бұл көлемі, барлық өңірді толықтай қамтамасыз ете алады екен.

«2018 жылы кәсіпкерлер жаңа сығылған шырын өндіру зауытын ашуды жоспарлап отыр. Косервантсыз табиғи өнім шығарылмақ. Концентраттарды шырын және джем өндіру үшін компанияларға жеткізіп беруге ниетті. Мәселенің өтімділігінен іске асыру жолы өз шешімін тапты. Шетелдік мемлекеттер біздің өнімдерді тұтынуға мүдделілік танытып отыр», – деп қосады сарапшы.

Осы жылы Ұйғыр ауданында 261 гектар жаңа бау-бақша телімдері мен алқаптары пайда болды. Ауданда шағын кәсіпкерліктің 6 мыңнан астам өкілі бар.

Сондай-ақ, КП Ұйғыр аудандық филиалы тері және жүн өнімдерін өңдеуге арналған зауыттың қызметіне белсене қолдау көрсетті. Сонымен, Палата сақтау қоймасына арнап, электрлік тасымалдау және сумен жабдықтау үшін қосымша жер телімі бөлінуіне көмек көрсетті. Кәсіпорын тәулігіне 2 тонна ұсақ мал жүндерін және 1,5 тонна мүйізді ірі мал жүндерін өндіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер