astana-view

Кәсіпкердің мүлкі өзінде қалды

2016 жылғы 30 Мамыр
- Жетісу облысы
8236 просмотров

Заңгер сотта кәсіпкердің мүлкін қорғап қалды

Алматы облысы ӨКП Құқықтық блогының заңгері Диас Оташбаев бизнесмен Сайлау Бәбибаевқа сотта қоғам назарына ілінген істі жеңіп шығуына көмектесті.

Оқиға өткен жылдың сәуір айында облыстың Жерді қорғау және пайдаланылуын қадағалау басқармасының аумағы 0,1045 га жер учаскесін оның нысаналы мақсатта пайдалануға сәйкестігі бойынша тексеруінен басталған болатын. Ол кезде құжат бойынша мүлік тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған екен. Мемлекеттік органның пікірінше, тексеру барысында меншік иесі заңнаманы бұзғаны және жылжымайтын мүлікті мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны анықталды. Кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды және 19 820 теңге сомасында айыппұл салынды.

Алайда, бизнесмен сотқа әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын ғимараттарға қызмет көрсетуге өзгерту туралы қаулысын көрсетті.

«Сот отырысында Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №21-265 қаулысымен аумағы 1045 шаршы метр жер учаскесінің нысаналы мақсаты – ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға қызмет көрсетуге өзгертілгені көрсетілді. Істің қаралу сәтінде даулы мәселе, осылайша, реттелген. Мұндай жағдайларда сот Жерді қорғау және пайдалануды қадағалау басқармасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты, сөйтіп дау кәсіпкердің пайдасына шешілді», – деп атап көрсетті заңгер Диас Оташбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер