astana-view

Төлемдер арзан әрі тез жасала ма?

2016 жылғы 01 Маусым
9392 просмотров

Мәжіліс банктер мен олардың клиенттеріне арналған жаңа ережелері бар заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» және «Қазақстан Республикасының төлемдер мен төлемдер жүйесінің кей заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады.

Заң шығарушылардың қағидалық ұсыныстарының арасында банктердің төлем жасау мерзімдерінің қысқаруын атап өтуге болады. «Төлем қызметі тұтынушыларының мүддесін қорғау үшін келесі жаңалықтар енгізілді. Банктердің төлем жасау мерзімдері ең көбі төрттен екі күнге дейін қысқартылды. Ал 2017 жылдың маусымынан бастап, күнбе күн орындалатын болды», – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәжілісмендерге заң жобасын ұсыну кезінде. Заң жобасына банк ұжымын клиентті комиссия сомасының көлемімен төлем операциясын жасағанға дейін таныстыруға міндеттейтін нормалар енген, сонымен бірге, біржақты тәртіппен келісім мен тарифтер шарттарын арттыру туралы өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Д.Ақышевтің айтуынша, заң жобасында «Ұлттық банк құзыреті сөз етіліп, төлем жүйелері мен төлем қызметтерінің ұсынушыны мемлекеттік бақылау негіздері бекітіледі».

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет және әлеуметтік сақтандыру, тұрғын-үй төлемдері, нотариус депозитіне аударылатын азаматтар қаражатының Мемлекеттік қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер есебінен банк шотының иесі міндеттемелері бойынша қарызды өндіріп алу және тыйым салуды шектейтін норманы да атап өтуге болады.

«Заң жобасының ережелері Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Төлем нарығының банктік емес қатысушылары қауымдастығымен және қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен келісіліп жасалған», – деп сендірді Д.Ақышев.

Заң жобасы Мәжіліс тарапынан қызығушылыққа ие болды. Талқылау барысында депутаттар Данияр Ақышевке бұл заң жобасынан өзге мәселелерге қатысты да сұрақтар қойды. Гүлнәр Бижанова Ұлттық банк төрағасының назарын төлемдерді қолма-қол төлеу кезінде кәсіпкерлерде туындаған проблемаларға аударды. Бұрын ЖК әр салық түрі бойынша тек бір ғана төлем тапсырысын рәсімдеу арқылы салық төлейтін. Алайда 2016 жылдан бастап кей екінші деңгейлі банктерде салық төлеушілер салықтың бір түрі үшін бір емес, алты төлем тапсырысын (салықтық төлем жасалатын ай саны бойынша) рәсімдеуге мәжбүр. Нәтижесінде, ЖК қосымша банк комиссияларын төлейді, бұл төлем шығындарының артуына әкеп отыр. Бұл сұраққа Данияр Ақышев «аталған проблема туралы хабардар еместігін» айтты. «Өкінішке қарай, сіз айтып отырған проблема банктер мен клиенттер арасындағы өзара қатынас болғандықтан, біз оған тікелей араласа алмаймыз. Алайда, біз, тым болмаса бұл банктерді жинап, жағдаймен танысып, төлем бірнеше рет жасалып, тиісінше, комиссия көлемі артатын мұндай ұсыныстар  неге негізделіп жасалатынын анықтай аламыз», – деді Ұлттық банк төрағасы. Депутат Мұхтар Тінікеев әріптесі Гүлнәр Бижанованы қолдап, «біз заңды, әдеттегідей, банкирлер өмірін жеңілдету үшін жасаймыз» деген пікірін жеткізді. «Біз банк қызметін пайдаланушылар өмірін жеңілдететін заңдарды қашан шығарамыз? – деген сұрақ қойды мәжілісмен. – Әріптесім Бижанова айтқандай, мұндай қайта есептеу транзакциялары орын алған кезде, банктер қалтасына көбірек ақша түсіру үшін осындай операциялар да көбейе түседі».

Бұл заң жобасын Мәжіліс алғашқы тыңдалым кезінде мақұлдады. Алда Ұлттық банк ұсынған жаңалықтарды депутаттар әр бап бойынша талқылайтын екінші тыңдалым бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер