astana-view

Кедендік кодекс: кәсіпкерлерден ұсыныстар күтеді

2016 жылғы 02 Маусым
8617 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлерге ЕАЭО-ның Кедендік кодексі туралы Шарт жобасының негізгі ережелерін талқылауға қатысуға ұсыныс білдіруде

ЕАЭО елдерінің бизнес-қауымдастықтары тарапынан үш жыл қатарынан талқыланып келе жатқан бұл құжат 2016 жылдың қазан айында қабылданады.

Кез келген мемлекет үшін кедендік саясат – экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты элементтердің бірі. Кедендік реттеу дұрыс жолға түссе, экономика мен кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін ынталандырады, әйтпесе кері нәтиже береді.

Бүгінде ЕАЭО-да бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылуда, ол болмаса ЕАЭО туралы Шартта көрсетілген негізгі еркіндікті, яғни тауар қозғалысы еркіндігі мен тауарлардың бірыңғай нарығын құру еркіндігін іске асыру мүмкін емес.

Еуразиялық экономикалық одақтың әрекеті жағдайында кедендік саясат толықтай Одақтың және әр мүше мемлекеттің даму векторын анықтайды. Міне, сол себепті Кедендік одақтың құқықтары көрсетілген негізгі құжаттардың бірі – Кедендік кодекс жобасын әзірлеуге соншалықты уақыт пен күш-қуат жұмсалуда.

Бүгін 2013 жылдың желтоқсанында басталған ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді.

Осы жылдың мамыр айында Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО-ның Кедендік кодексі жобасын әзірлеу барысы туралы мәселелер қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Кедендік одақ елдері премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкіметтерін ЕАЭО-ның Кедендік Одақ туралы Шарт жобасын әзірлеуді аяқтауды міндеттеді, өйткені оған 2016 жылдың қазан айында қол қойылуы қажет.

Жақында Астанада өткен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің ІІ отырысында «Атамекен» ЕАЭО бизнесіне арналған бастама көтерді. Ол Кодекс жобасына енбей қалған немесе мүше мемлекеттердің әрқайсы үшін маңызы бар қандай да бір маңызды жобаларды жүзеге асырудағы кәсіпкерлік әрекеттерге қолдау көрсету механизмдерін жасау және Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында біртұтас блок болып ұсыныстарды қорғау

Осыған орай, «Атамекеннің» алаңында ЕАЭО-ның Кедендік Кодексі жобасының негізгі ережелері мен оның редакциялауға қатысты іскер топтардың ұсыныстарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне енгізілетін түзетулерді талқылауға арналған кезекті дөңгелек үстел отырысы 2016 жылы 9 маусымда сағат 10.00-де мына мекен жайда өтеді: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8, «Изумрудный квартал», «Б» блогы, 26 қабат, «Түркістан» залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер